Біздің Ауруханада Сіздер үшін Салауатты өмір салтын қалыптастыру ашылды, оның миссиясы адамның негізгі құндылығы ретінде денсаулыққа дұрыс көзқарасты қалыптастыру болып табылады: денсаулық және жақсы психофизикалық жағдай өмір стилі болуы тиіс
Орталықта Денсаулық мектептері жұмыс істейді, онда Сіз төмендегі бағыттар бойынша білім ала аласыз және өзін-өзі және өзгелерге жәрдемдесу дағдыларына үйрене аласыз.
1) «Диабет» денсаулық мектебі
2) Артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарға арналған денсаулық мектебі («Сау жүрек, таза қан тамырлары»)
3) Бронхты демікпесі және созылмалы обструктивті өкпе аурулары бар науқастарға арналған денсаулық мектебі («Еркін тыныс алу»)
4) «Отбасын жоспарлау» мектебі
5) Егде жастағы адамдарға салауатты өмір салты мен белсенді өмір сүрудің принциптерін үйретуге арналған «Белсенді ұзақ өмір» мектебі.
Негізгі тақырыптық циклдерден басқа, салауатты тамақтану, шылым шегу профилактикасы, стресстің алдын алу және стресске қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру, коммуникация дағдылары, онкологиялық аурулардың профилактикасы және т.б бойынша дәрістер жүргізіледі.
Сабақтарды ҚР ПІБ МОА-ның мамандандырылған дәрігерлер мамандары жүргізеді.
Сіздерді күнделікті «С2» блогында, 2-қабатта, №01 кабинетте 8-00-бен 16-30 сағат аралығында күтеміз.
СӨСҚ орталығы
Байланыс тел.: 70-80-35
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (бұдан әрі - СӨСҚ) «Қазақстан – 2050» стратегиясының 2016-2019 жж. арналған ҚР «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасында негізделген «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының оуруханасы» РМК «ҚР ПІБ МО ауруханасы» РМК Бас дәрігерінің 2016 жылғы 1 наурыздағы «СӨСҚ орталығын ұйымдастыруы және қызметі туралы ережесін бекіту туралы» № 58 бұйрығына сәйкес құрылған.
СӨСҚО миссиясы: Халық арасында ақпараттылықты арттыру, салауатты өмір салтын сақтау дағдыларын үйрету, өз денсаулығының менеджменті арқылы негізгі адами құндылық ретінде денсаулыққа деген дұрыс көзқарасты дамыту.
СӨСҚО мақсаттары:
1) халықтың өз денсаулығына қатысты мінез-құлқын өзгертуге бағытталған тұрақты ақпараттық-білім беру жүйесін құру;
2) пациенттердің ауруды дамытуға қатысты мінез-құлықтың қауіп факторлары туралы ақпарат алуын арттыру, олардың денсаулығын сақтау үшін пациенттердің жауапкершілігін арттыру;
3) пациенттердің мінез-құлықтың қауіп-қатер факторларының өз денсаулығына теріс әсерін төмендету үшін дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру;
4) пациенттің өз денсаулығына ұтымды және белсенді қатынасын қалыптастыру, денсаулығын жақсартуға ынталандыру;
5) пациенттердің өз денсаулығына бақылау жүргізу дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру;
6) пациенттердің денсаулықтарына әсер ететін себептерді, факторларды талдау және науқастарды жеке сауықтыру жоспарын құрастыру кезінде пациенттерді оқыту бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру;
7) медициналық ұйымға және алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем мамандарына бейінсіз жүктемені азайту.