Фотодинамикалық терапия – қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің жүйелі және локорегионарлық әдісі. Бұл әдіс белгілі бір толқын ұзындығын жарықпен сәулелендіргеннен кейін биологиялық тіндерде фотореакцияны тудыратын патологиялық, соның ішінде ісік тінінде белгілі бір жарық сіңіретін препараттардың (фотосенсибилизаторлардың) селективті жиналуына негізделген.
ФДТ хирургиялық, дәрілік және сәулелік сияқты классикалық емдеу әдістерімен жақсы үйлесіп, олардың әрқайсысының нәтижелерін жақсарта түседі. ФДТ ерте кезеңде жеке әдіс ретінде, асқынған кезеңде балама әдіс ретінде қолданылады. ФДТ жүргізудің жергілікті, вена ішіне, интерстициялық және интраоперациялық сияқты жолдары бар.
Қазіргі уақытта ФДТ онкологияда ғана қолданылмайды. Фотодинамикалық терапия кеңінен қолданылатын мамандықтардың бірі – гинекология, урология, іріңді хирургия, офтальмология.
2016 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан Республикасында алғаш рет ҚР ПІБ МОА қабырғасында ресми түрде ФДТ жүргізіле бастады. ФДТ-ны Ресей, Литва және Израильде тағылымдамадан өткен ҚР ПІБ МОА Фотодинамикалық терапия орталығының басшысы, м.ғ.д., профессор Н.А. Шаназаров жүргізеді.
Орталық жұмысының нәтижелері көптеген медициналық басылымдарда, соның ішінде импакт факторы жоғары шетелдік басылымдарда жарық көрді, нәтижелері республикалық және халықаралық конференцияларда да баяндалып, 10-нан астам авторлық куәлік алынды.
ҚР ПІБ МОА ФДТ орталығында (кабинетінде):
- өспелер мен басқа да ісіктік емес аурулардың фотодинамикалық терапиясы;
- жүйелік фотодинамикалық терапия (ЖФДТ);
- қанды венаішілік лазерлік сәулелендіру (ҚВЛС);
- терінің өспелерін лазерлік деструкциялау жүргізіледі.
ФДТ кабинеті ашылған сәттен бастап 700-ге жуық фотодинамикалық терапия емшарасы жүргізілді. Терапия:
- терінің;
- ауыз қуысының;
- өңештің;
- асқазанның;
- кеңірдек және ірі бронхтардың;
- жатыр мойнағының;
- мсүтбездің;
- қуықтың қатерлі ісіктерімен ауыратын пациенттерге;
- сондай-ақ терінің қатерсіз ісіктермен, ауруларымен ауыратын және әйелдердің жыныс мүшесі (ӘЖМ) (крауроз, сарпай лейкаплакиясы) ауруларына шалдыққан пациенттерге жүргізілді
Операциядан кейінгі плевра эмпиемасы алғаш рет сәтті емделді. Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында, Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласында, Ресей Федерациясы Қазан қаласында шеберлік сыныптары өткізілді.