Басты бетАуруханаға жатқызу қағидалары

Ауруханаға жатқызу қағидалары

Пациентке жаднама 

«Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҚР ПІБ МО Ауруханасы) мемлекеттік тапсырыс бойынша ауруханаға жатқызу үшін азаматтарға тұрғылықты мекенжайы бойынша емдеуші дәрігерге жүгіну қажет.

Мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ММК) алу бойынша ауруханаға жатқызу үшін дәрігер азаматтарды «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы тіркейді және ауруханаға жатқызу күні қойылған ауруханаға жатқызу кодын береді.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) бойынша емдеуге жіберілген кезде, «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталын пайдалана отырып,  азаматтарға Ауруханаға жатқызу кодын (квота) беретін Өңірлік комиссиясы жүзеге асырады.

ҚР ПІБ МО Ауруханасына жатқызу кезінде құжаттардың төмендегі түрлері болу тиіс:

Жеке басын куәландыру құжаты (жеке куәлік/паспорт/туу туралы куәлік);

Ауруханаға жатқызу үшін жолдаған медициналық ұйымның бірінші басшысының қолы мен мөрі қойылған ауруханаға жатқызу жолдамасы;

Ауруханаға жатқызу порталының коды бар ауруханаға жатқызу талоны;

Зертханалық және клиникалық зерттеулердің нәтижелері қоса берілген, медициналық құжаттардан толық үзінді көшірмесі;

 Жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі өңірлік комиссия жолдамасының түпнұсқасы, «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталының коды (ЖММК алу үшін ауруханаға жатқызылған азаматтар үшін);

Қосымша ақпаратты анықтама телефоны бойынша ала аласыз: +7 7172 70 80 90

 

СТАЦИОНАР ПАЦИЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

ПАЦИЕНТТЕРДІ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Қабылдау бөлімшесінде медициналық қызметкерлер стационарлық пациентті тіркеу кезінде қолына келесі ақпарат көрсетілген, пациентті сәйкестендіру білезігін бекітеді:

а) тегі, аты, әкесінің аты (толығымен);

b) туған жылы, айы, күні;

2. Барлық емдік-диагностикалық емшаралардың алдында міндетті түрде сәйкестендіру қажет (тағайындауды орындау, зерттеуге материал алу, қан мен оның компоненттерін құю, инъекция, пункция, бунап байлау, операция).

3. Медициналық қызметкерлер емшараларды жасау барысында келесі тәсілдермен сәйкестендіруді жүргізуін қадағалаңыз:

a) пациенттің аты-жөні мен туған күнін ауызша сұрау;

b) білезіктегі деректермен салыстыру;  

с) медициналық құжаттамалардағы деректермен салыстыру.

4. Емдік емшараларды, бұлшықет/вена ішіне инъекцияларды қабылдау барысында флакондар мен дәрі-дәрмектерді инфузиялық түрде енгізуге арналған шприцтерде төмендегі деректер белгіленген стикер болуы тиіс:

а) тегі, аты, әкесінің аты (толығымен);

b) туған жылы, айы, күні;

с) әзірлеу күні мен уақыты.

5. Егер Сізде білезікке аллергия пайда болса, медициналық қызметкерлерден білезігіңізді бейджге ауыстыруды сұраңыз. Сәйкестендіру білезігін (бейджді) жоғалтпаңыз және әрдайым өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Медициналық персонал кез келген жағдайда сәйкестендіру білезігінің болуын талап етуі қажет.

6. Білезікті жоғалту немесе құртып алу кезінде бөлімше мейірбикесі қысқа мерзімде қабылдау бөлімінен телнұсқаға тапсырыс береді. Пациентте білезік болмаса, аты-жөні мен туған күні ауызша сұралады және медициналық құжаттамамен салыстырылады.

7. Пациентті ауруханадан шығару кезінде бөлімше мейірбикесі пациенттің білезігін шешіп алады.

 
Күн тәртібі   

07.00 Ояну
7.05-07.15 Дене қызуын өлшеу
07.30-07.45 Таңғы туалет
07.45-08.00 Анализ алу
08.00-08.15 Емдік емшараларды жасау
08.15-9.15 Таңғы ас
9.15-11.00 Дәрігердің қарап өтуі, тексеру, емшаралар
11.00-11.30 Екінші таңғы ас
11.30-13.00 Емшаралар
13.00-14.00 Түскі ас
14.00-16.00 Демалыс уақыты
16.00-16.30 Бесіндік
17.00-18.00 Серуендеу, келушілерді қабылдау
18.30-19.00 Кешкі ас
19.30-22.00 Кешкі емшаралар
23.00 Ұйқы

*Күн тәртібі бөлім бағдарына қарай өзгеруі мүмкін.