Басты бетСапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі қызметі

Сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі қызметі

Сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі бөлімі Ауруханада медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Аурухананың дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

 

Негізгі міндеттері:

  • медициналық көмектің сапасын басқару бойынша Аурухананың қызметін үйлестіру;
  • пациенттің сұраулары мен үміттерін қанағаттандыруға бағдарлану;
  • көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасына бағытталуы;
  • пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтерді көрсетудегі ақауларды азайту;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету тәртібін, пациент пен отбасы құқықтарын сақтау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-құқықтық актілердің және денсаулық сақтау саласындағы талаптарды сақтау;
  • әрбір қызметкердің медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру үрдісіне қатысуын ынталандыру;
  • медициналық қызметтердің сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуге жүйелі көзқарас.
  •  

Егер, сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, Сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі бөліміне хабарласыңыз. Бөлім сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.


Сіз өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді бірінші қабатта кіре берістегі және тіркеу орнында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар» жәшігінде қалдыра аласыз.


Біз Сізге Ауруханада медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін сіздің өтініштеріңіз, пікірлер мен тілектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. 

 

Сұлтанбекова Бибігүл Малғаждарқызы
Бөлім басшысы
PhD докторы
"Қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер

Біздің байланыс құралдарымыз: Нұр-сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел даңғ., 80, F блок, 3-қабат, каб.53.

Телефоны: 8(7172) 70-79-69.