Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Аурухана директорының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 4965-ж/қ бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс маманы Арыстанбек Берікұлы Есжановқа жүктелді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс атқарушы органға, Аурухананың лауазымды адамдарына тәуелсіз өз уәкілдігін жүзеге асырады, Аурухана директорына есепті және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің құзыреті, ұйымдастырылуы және қызмет тәртібі Аурухананың ішкі актісімен анықталады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау
Аурухананың қызметкерлері немесе пациенттері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз:
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы төмендегі жолдармен хабарлай аласыз:
1) бірыңғай Сall Center нөмірі: 70-78-80 (ішкі нөмірі: 71-77);
2) пошта арқылы жазбаша түрде: Астана қаласы, Е 495 көшесі, 2 ғимарат, «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК;
3) электрондық пошта арқылы жазбаша түрде: Yeszhanov@bmc.mcudp.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы