Басты бетАурухана директорының блогы

Аурухана директорының блогы

Президенттік клиникаға - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына қош келдіңіздер!

Президенттік клиника - білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуге арналған заманауи медициналық ұйым.

Президенттік клиника - бұл жылына 6000-нан астам операция, 10 000-нан астам емделген пациент, жылына 500 000-нан астам келушілер. Аурухана Қазақстан азаматтары үшін де, шетел азаматтары үшін де 38 клиникалық бағыт бойынша медициналық қызмет көрсетеді.

Аурухананың құрамында 40 емдік-диагностикалық бөлімшесі бар, олар қазіргі заманғы озық медициналық жабдықтармен жабдықталған, оның 60% -ының ТМД және Орталық Азия елдерінде баламасы жоқ: МРТ 3 – тесла, 256 кесікті МСКТ, ПЭТ/КТ және БФЭТ/КТ, геномдық – молекулалық диагностика зертханасы, Senhance робот – ассистелген қондырғысы, бірегей операциялық, тиімді оңалту және қалпына келтіру бағдарламалары бар.

Ауруханада жүрек орталығы, геронтология орталығы, эпилептология орталығы, қалпына келтіру емі және оңалту орталығы, аллергология орталығы, диагностика орталығы, роботталған хирургия орталығы табысты жұмыс істейді.

Тиімді кері байланыс үшін Аурухананың ресми сайтында бірінші басшының блогы құрылды.

 

ӨЗ СҰРАҒЫҢЫЗДЫ ҚОЙЫҢЫЗ >>