Басты бет › Денсаулық мектептері

Денсаулық мектептері

Денсаулық мектептерінің мақсаты – пациенттердің денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру, аурулар мен олардың асқынуларының алдын алу, қауіп факторларын уақтылы анықтауға және олардың денсаулыққа әсерін төмендетуге көмектесу, сондай-ақ өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптасыру.

Денсаулық мектептерінің негізгі идеясы – пациент пен медицина қызметкерлерінің өзара жауапкершілігі, денсаулықты сақтау және жақсарту мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Бұл ретте пациент дәрігердің барлық ұсынымдарын адал орындап қана қоймай, өзінің оңалту үдерісіне де белсенді қатысуы, денсаулық жағдайындағы барлық өзгерістерді бақылап, оң және теріс өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге уақтылы хабарлап отыруы қажет. Бұл емдеу шараларына қажетті түзетулер енгізуге және ауруды дәрігерге дейінгі деңгейде бақылау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ssz-kz.jpg

Салауатты өмір салтын қалыптастыру секторында (СӨСҚ) 6 денсаулық мектебі жұмыс істейді. Бұл – пациенттердің медициналық сауаттылығын арттыруға, пайдалы әдеттерді қалыптастыруға, өзін-өзі бақылау дағдыларын меңгеруге және созылмалы аурулардың асқынуының алдын алуға бағытталған оқыту сабақтары. Сабақтар қатысушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, түсінікті әрі тәжірибеге бағдарланған форматта өткізіледі.

1. «Мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу» мектебі

Денсаулыығына қауіп төндіретін факторлары бар пациенттерге, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға ниетті барлық азаматтарға арналған.

Қатысушылар темекі шегудің, ішімдік ішудің, дене белсенділігінің төмен болуының, дұрыс тамақтанбаудың және созылмалы күйзелістің денсаулыққа әсері туралы ақпарат алып, күнделікті әдеттерді өзгерту бойынша практикалық ұсынымдармен танысады.

2. «Диабет мектебі»

Қантты диабетің (ҚД) даму қаупі бар пациенттерге және осы аурумен өмір сүретін адамдарға арналған. Сабақ барысында дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, қандағы глюкоза деңгейін өзіндік бақылау, асқынулардың алдын алу және денсаулық жағдайы нашарлаған кезде дұрыс әрекет ету мәселелері қарастырылады.

3. «Салауатты жүрек, таза қан тамырлары» мектебі

Қанайналым жүйесінің аурулары, оның ішінде артериялық гипертензия (АГ), жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) және басқа да жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге арналған. Қатысушылар артериялық қысым мен тамыр соғуын бақылауды, тағайындалған дәрілік препараттарды дұрыс қабылдауды, қауіпті белгілерді тануды және асқыну қаупін төмендетуді үйренеді.

4. «Еркін тыныс алу» мектебі

Бронх демікпесі және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) бар пациенттерге арналған. Сабақ барысында қатысушылар өз аурулары туралы толық ақпарат алып, ингаляторларды қолданудың дұрыс техникасын меңгереді, тыныс алуды бақылауды, ауруды қоздыратын факторлардан аулақ болуды және ауру асқынған жағдайда дұрыс әрекет етуді үйренеді.

5. «Отбасын жоспарлау» мектебі

Болашақ ата-аналарға, жас аналар мен әкелерге арналған. Сабақтардың негізгі тақырыптары – болашақ ата-аналардың денсаулығын сақтау, жүктілікке дайындық, жауапты ата-ана болу, сондай-ақ баланың денсаулығы үшін қауіпсіз әрі қолайлы отбасылық орта қалыптастыру.

6. «Инсульт мектебі»

Инсульт қауіпі факторлары бар пациенттерге, сондай-ақ ми қанайналымының жіті бұзылуын (МҚЖБ) өткерген адамдарға арналған.

Мектептің негізгі мақсаты — қан тамырларына қатысты жағдайлардың қайталануының алдын алу. Қатысушылар артериялық қысымды, холестерин деңгейін және басқа да қауіп факторларын бақылауды, инсульттің алғашқы белгілерін тануды және мұндай жағдай туындаған кезде, шұғыл медициналық көмек шақыруды қоса алғанда, тиісті шараларды қабылдауды меңгереді.

Денсаулық мектептеріне не үшін қатысу қажет?

Бұл сабақтарда сіз мыналарды үйренесіз:

* өмір салтын қалай өзгертуге және түрлі ауруларға шалдығу қаупін қалай азайтуға болатынын;

* қауіп факторларын қалай басқаруға болатынын;

* бар аурулардың асқынуының алдын алу жолдарын;

* денсаулық көрсеткіштерін қалай дұрыс бақылау керектігін;

* пайдалы әдеттерді қалыптастыру және денсаулыққа қамқорлық жасауды күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыру жолдарын.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру секторында (СӨСҚС) аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын: жадынамалар, буклеттер, үш бүктемелі ақпараттық парақшалар және басқа да материалдарды алуға болады.

Өз денсаулығыңызға қамқорлық жасауда белсенді болыңыз!

Салауатты өмір салты – бұл аурулардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар белсенділікті, еңбекке қабілеттілікті және өмір сапасын ұзақ жылдар бойы сақтаудың мүмкіндігі.

Денсаулық мектептерін өткізу кестесі бойынша толық ақпаратты төмендегі байланыс деректерінен біле аласыз.

СӨСҚ секторының орналасқан жері:

«С2» Блогы, 2-қабат, № 8 және № 22 кабинеттер.

Жұмыс кестесі: күн сайын, сағат 08:00-ден 16:30-ға дейін.

Байланыс телефондары: 70-68-27, 70-80-35.