«Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК ШЖҚ
Қазақстанның елордасы Алматы қаласынан көшуіне байланысты 1997 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында
ашылған.
Аурухана 2015 жылғы наурыздан бастап жаңа ғимаратта орналасты және Медициналық орталыққа тіркелген
мемлекеттік қызметшілерге және азаматтардың жекелеген санаттарына; Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде Қазақстан
Республикасының азаматтарына; резиденттерге де, шетел азаматтарына да ақылы және шарттық негізде
медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи көп бейінді емдеу мекемесі болып табылады.
2018 жылдан бастап дербестендірілген геномдық диагностика зертханасы табысты жұмыс істеуде, оның
базасында әртүрлі ауруларға генетикалық бейімділікті айқындау, дәрілік заттарға сезімталдықты
анықтау және таргеттік терапияны таңдау, тұқым қуалайтын ауруларды болжау, гендік деңгейде
онкологиялық ауруларды диагностикалау бойынша NGS-технологияларды қолдана отырып, жоғары
технологиялық молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізу практикаға енгізілді.
2018 жылғы қазанда Аурухана базасында Қазақстандық халықаралық референстік және роботтандырылған
хирургия оқу орталығы ашылды. Ауруханада орнатылған роботтандырылған жүйесі урология, гинекология
және жалпы хирургияда лапароскопиялық робот-ассисттелген операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
2021 жылдан бастап заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған, CHECK-UP диагностикасының
жаңа бөлімшесі жұмыс істейді, ол қысқа мерзімде CHECK-UP диагностиканың барлық кезеңдерін бір
бөлімшеде өтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Ауруханада нейрохирургия және эпилепсияны емдеу, гибридті жүрек-қантамыр хирургиясы,
медициналық оңалту (кардио-оңалту, нейро-оңалту, жарақаттан кейін оңалту), эндоскопия, МРТ және КТ
диагностикасы, шағын инвазиялық хирургия және т.б. сияқты бағыттар белсенді дамуда.
Аурухана 2019 жылғы 13 сәуірде JCI медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігінің халықаралық
стандарттарына сәйкестігіне аккредиттеуден, 2022 жылы қайта аккредиттеуден; 2021 жылғы 30
қарашада ұлттық аккредиттеуден өтті.
Жылдан жылға Аурухана клиникалық көрсеткіштер бойынша да, менеджмент көрсеткіштері бойынша да
Қазақстан Республикасының стационарларық қызметінің рейтингтік бағалау тізімінде жетекші орын
алады.