Басты бетМЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМ

МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМ

МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМ МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМ

Метаболизмдік синдром (МС) - бұл күрделі метаболизмдік бұзылыс, онда жүрек-қантамыр ауруы мен 2 типті қантты диабеттің даму қаупі артады. Ересек тұрғындар арасында МС таралуы 20-35% аралығында өзгеріп тұрады (ерлерге қарағанда әйелдерде 2,5 есе жиі кездеседі)

Инсулинге төзімділік метаболизмдік синдромның негізгі белгілерінің бірі болып табылады.

MC мынадай сыртқы факторлардың әсерінен дамиды:

  • артық тамақтану, көмірсулар мен майларға бай рацион – метаболизмдік синдром дамуының ең маңызды факторы, өйткені көп мөлшерде тұтынылатын қаныққан май қышқылдары іш пен бел аймағында май жиналуына ықпал етеді.
  • төмен калориялы диеталар, егер күнделікті рационның калориялық мөлшері 300 ккал-дан аз болса, бұл қайтымсыз метаболизмдік бұзылуларға әкеледі, үнемді режимде ағзада қорлар жинақталады, бұл майдың көп жиналуына әкеледі.
  • артериялық гипертензия – ұзақ уақыт емделмеген жағдайда тіндердің инсулинге сезімталдығының төмендеуімен жүретін және ұйқы безінің қалыпты қызметінің бұзылуына ықпал ететін перифериялық қан айналымының бұзылуын тудырады.
  • гиподинамия – дене белсенділігінің төмендеуі барлық зат алмасу процестерінің, соның ішінде майлардың ыдырауы мен сіңірілуі жылдамдығының азаюына әкеледі.
  • шамадан тыс тамақтанумен қатар жүретін эмоционалды шаршау және жиі стресс, ағзалар мен тіндердің нервтік реттелуін бұзады, гормондарды, соның ішінде инсулин өндірудің бұзылуына ықпал етеді және оған сезімталдықты төмендетеді.
  • қантты диабет пен жүрек-қантамыр ауруларының тұқым қуалайтын факторы
  • апноэ – ұйқы кезінде тыныс тоқтауы мидың оттегілік ашығуына және инсулинге сезімталдықтың төмендеуіне ықпал ететін соматотропты гормон өндірісінің жоғарылауына әкеледі.

МС пайда болуының тағы бір маңызды себебі:

  • әйелдерде – бұл климакс басталуы, тестостерон деңгейінің артуына және эстрогеннің төмендеуіне байланысты метаболизмдік процестер баяулайды, бұл іш аймағында май шөгінділерінің жиналуына әкеледі.
  • ерлерде – бұл 45 жастан кейін тестостерон деңгейінің азаюына байланысты, гормоналды жетіспеушілік аясында қан қысымы көтеріліп, глюкоза алмасуы бұзылып, дене салмағы артады.

МС диагностикалық белгілері:

Негізгі:

абдоминалды семіздік:

  • белдің шеңбері - әйелдерде 88 см-ден,
  • ерлерде 102 см-ден жоғары болуы

Қосымша:

  • Қан қысымының сынап бағанасынан 140/90 мм жоғары көтерілуі
  • Гипергликемия: қандағы глюкоза концентрациясының> 6,1 ммоль / л жоғарылауы
  • Дислипидемия: қандағы триглицеридтердің жоғарылауы> 1,7 ммоль / л, қандағы холестериннің жалпы деңгейінің жоғарылауы> 5 ммоль / л (жоғары тығыздықтағы липопротеин ЖТЛП <1,0 ммоль / л төмендеуі және төмен тығыздықтағы ТТЛП > 3,0 ммоль / л жоғарылауы)

Негізгі симптомның болуы - абдоминалды семіздік және қосымша 2 белгінің болуы МС диагностикасының өлшемшарты болып табылады.

МС алдын алу

  • Орташа, бірақ тұрақты дене белсендігі (күніне кемінде 30 минут)
  • Дене салмағын бақылау
  • Ұтымды және теңгерімді тамақтану
  • Темекі шегуден және алкогольді асыра тұтынудан бас тарту
  • Әсіресе МС даму бойынша қауіп тобындағы  адамдарға тұрақты профилактикалық медициналық тексеруден өту,

MС немен қауіпті?

  • Инсульт
  • Жүрек ұстамасы
  • 2 типті қантты диабет
  • Бүйрек және бауыр аурулары
  • Егде жастағы адамдардың есте сақтау қабілеті нашарлайды

Есіңізде болсын! Физикалық белсенділіктің төмендеуі және жоғары нәрлі тамақтану МС негізгі себебі болып табылады.