Басты бетӨт қабын алып тастағаннан кейін емдік тамақтанудың ерекшеліктері

Өт қабын алып тастағаннан кейін емдік тамақтанудың ерекшеліктері

Өт қабын алып тастағаннан кейін емдік тамақтанудың ерекшеліктері

Өт қабын алып тастау немесе холецистэктомия - ас қорыту ерекшеліктеріне айтарлықтай әсер ететін және тамақтануды түзетуді қажет ететін операция. Дені сау адамның бауырында өт синтезделіп, түтіктер арқылы өт қабына түседі. Онда өт қоюланып, немесе концентрацияланады. Тамақтану кезінде өт қабы ас қорытудың қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшін қажетті өт мөлшерін түтіктер арқылы ұлтабарға бөледі.

Холецистэктомия ас қорыту процесін айтарлықтай өзгертеді. Өт қабын алып тастағанда, өт бауырдан тікелей ұлтабарға және бауырдан тыс өт түтікшелері арқылы енеді. Басқа құрамдағы өт ішектің саңылауына енеді, бұл перистальтикаға теріс әсер етіп, ас қорыту процесінің бұзылуына әкеледі. Мұндай өт салыстырмалы түрде сұйық, ол ішектерді микроорганизмдерден қажетті дәрежеде қорғамайды және дисбактериоз қаупінің жоғарылауына әкеледі.

Өт қабын алып тастағаннан кейін режим мен емдәм тәртібін сақтау қажет, олардың бұзылуы асқынулардың дамуына ықпал етуі мүмкін:

  • ас қорыту жүйесінің бұзылуы - тәбеттің төмендеуі, қыжылдау, кекіру, жүрек айнуы, ауздағы ащы дәм, оң жақ қабырға асты аймағында жиі ауырсыну;
  • ішекте патогендік бактериялық флора көлемінің едәуір артуы - бұл метеоризмді, іш қату немесе диарея тудыруы мүмкін.

Операциядан кейінгі кезеңде пациенттер жиі оң жақ қабырғасынды ауырсыну немесе жайсыздық сезінеді. Мұндай белгілер туындағанада маманға жедел жүгіну керек, ол тексеру жүргізіп, емдәмді түзетеді. Дәрігердің ұсынымдарын елемеу ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Ең қауіпті салдары өттің іркілуінен өт жолдарында тастардың пайда болуы.

Өт қабын алып тастағаннан кейін дұрыс тамақтанудың негізгі мақсаты – өттің бөлінуін және тағамның қорытылуын қалыпқа келтіру. Операцияның жағымсыз салдарын болдырмау үшін тамақтану режимін және  рационды түзету қажет.

Өт қабын алып тастағаннан кейін алғашқы күндері тамақ өте жұмсақ болуы керек. Гастроэнтеролог тағайындаған емдәмді ұстану керек. Әдетте, бұл № 5 үстел.

Өт қабын алып тастағаннан кейін тамақтану режиміне қатысты жалпы ұсынымдар, оларды өмір бойы ұстанған жөн:

  • Тамақ қайнату немесе буға пісіру арқылы термиялық өңделген болуы керек.
  • Бір уақытта күніне 5-6 рет аз-аздан тамақтану керек. Бұл физиологиялық өт бөлінуін қамтамасыз етеді және ас қорыту жүйесіне жүктемені азайтады.
  • Тым ыстық немесе суық тамаққа тыйым салынады, ол жылы болуы керек.
  • Соңғы тамақтану ұйықтардан 2 сағат бұрын болуы керек.
  • Тамақты мұқият шайнап жеп, артық тамақтанбау керек.
  • Күніне 1,5–2 литр су ішу ұсынылады.
  • Рационға қышқыл сүтті пробиотиктерді қосу керек. Түнге қарай қышқыл сүтті өнімдін ішкен жөн.

Тамақты күні бойы салыстырмалы түрде біркелкі бөліп жеу керек: бірінші, таңғы ас – рационның жалпы калориясының 20%, түскі ас – 30-35%, түстен кейінгі жеңіл тамақ – 15%, кешкі ас – 15-20%, таңертең және кешке айран ішу - 10%. Бұл емдік тамақтану принциптері холецистэктомиядан кейінгі пациенттерді оңалтуға  негізделген.

Маңызды! Дәрігердің кеңестері мен нұсқауларын нақты орындаған жағдайда, оңалту кезеңін едәуір қысқартуға болады. Емдік ас мәзіріне арналған тағамдарды таңдауға жауапкершілікпен қарау керек және балғын өнімдерді пайдаланып, тағамды тұтынар алдында дайындаған жөн.