
Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қан айналымы жүйесінің ауруларынан (ҚЖА) қайтыс болады. Бұл аурулардың басым бөлігі қан қысымының көтерілуіне байланысты (ҚР ДСМ ҰҚДО мәліметтері бойынша).
Қан қысымының көтерілуіне ықпал ететін себептердің бірі – тұзды шамадан тыс тұтыну, бұл ҚЖА және оның асқыну қаупін арттырады (инсульт, инфаркт).
Қазақстанда тұзды артық тұтыну мәселесі өте өзекті болып отыр. Бұл туралы ДДҰ зерттеулерінің нәтижелері куәландырады, олардың нәтижелері бойынша қазақстандықтар күніне 15-17 гр. тұз пайдаланады, бұл ДДҰ ұсынған (5 гр.) нормадан 3,4 есе көп
ЕЛДЕ ТҰЗДЫ ТҰТЫНУДЫ АЗАЙТУ ШАРАЛАРЫ:
1. Халықты тұзды шамадан тыс тұтынудың зияны туралы хабардар ету.
Натрий осмостық қысымды (ОҚ), су мен ақуыз алмасуын реттеуде маңызды рөл атқарады. Организмнің бір жеріндегі натрий концентрациясының өзгеруі әдетте судың ағзалар мен дене бөліктері арасында қозғалуына әкеледі. Мысалы, егер қандағы натрий концентрациясы төмендесе, су тіндерге ауысады, мұндай тіндердің бірі ми болса, бұл өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жоғары ОҚ бар ерітінді гипертониялық, орташа ОҚ- изотоникалық, төмен ОҚ гипотоникалық деп есептеледі, егер ұқсас ерітінді жабық кеңістікте, мысалы, қан жасушасында болса, онда ОҚ жасуша мембранасының жарылуына әкелуі мүмкін.
Жүрек пен бүйрек сау болған жағдайда организмнен орта есеппен күніне тұз 5 гр. дейін шығарылады, ал қалғаны организм тіндерінде жиналады, бұл келесіге ықпал етеді:
- организмде сұйықтық қалуына
- тіндер құрамындағы калий, кальций, магний, фосфор, темір және т. б. тұздардың азаюына
- қан қысымының көтерілуіне
- жүрек пен бүйрекке жүктеменің артуына
- қан тамырларының икемділігінің нашарлауы, олардың «жаман» холестеринге өткізгіштігінің артуына
- жүрек-қан тамырлары аурулары (инфаркт, инсульт) қаупінің артуына
2. Тұзды тұтынуды азайту – халықтың денсаулығын нығайтудың экономиқалық тұрғыдан ең ұтымды және тиімді әдістерінің бірі.
- Ересектерге күніне 2000 мг натрийден артық емес тұтыну ұсынылады (тұз 5 гр-ға дейін, бұл шай қасықтан аз).
- 2 жастан 15 жасқа дейінгі балалар 2 гр. көп тұтынбауы қажет
- Барлық тұтынылатын тұз йодталған (йодпен байытылған) болуы керек.
- Тұздың 80% адам организміне нан, ірімшік, бөтелкедегі соустар, консервілер және дайын тағамдар сияқты өңделген тағамдардан келеді. Сондықтан технологиялық өңдеу дәрежесі минималды табиғи тағамдарды тұтынған жөн.
- Құрамында натрийі төмен тағамдарды таңдаңыз (100 гр. үшін 120 мг натрийден аз).
- Пісіру кезінде натрийге бай ингредиенттерді/тұзды пайдалануды азайтыңыз немесе пайдаланбаңыз.
- Тамақтың дәмін келтіру үшін тұзды емес, шөптерді, дәмдеуіштерді, татымды көкөністерді қолданыңыз.
- Коммерциялық тұздықтарды, таңғыштарды және фастфуд өнімдерін пайдалануды шектеңіз.
- Өңделген тағамдарды тұтынуды шектеңіз.
- Тұзды ас ішетін үстелде ұстамаңыз.
3. Өнімдердің құрамын өзгерту процесіне өнеркәсіпті тарта отырып, сау және теңдестірілген өнімдердің қолжетімділігін арттыру (тамақ өнімдеріндегі натрийдің құрамын төмендету; тамақ өнімдері қаптамасының алдыңғы жағына тиісті таңбалау).
4. Қоғамдық тамақтану орындарында, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерінде тұзды қолдануды азайту.
5. Тұзды тұтынуды эпидемиологиялық қадағалау және бақылау.
6. ДДҰ сарапшылары әзірлеген «Тамақ өнімдерінің басым санаттары үшін рецептураны өзгерту жөніндегі нұсқаулықты» мемлекет деңгейінде пайдалану.