Қант пен жасанды тәттілендіргіштердің денсаулыққа өте зиян екені бәріне мәлім.
Организмге түскен кезде олар қандағы қант деңгейін көтереді, бұл инсулин өндірісін ынталандырады, ол қантты төмендететін, бірақ тәбетті арттыратын гормон, бұл өз кезегінде салмақ қосуға, семіздікке және 2 типті қант диабетінің, жүрек-қантамыр ауруларының және бауырдың майлы дегенерациясының даму қаупіне әкелуі мүмкін.
Газдалған қантты сусындарды, тәтті шайды, қант немесе тәттілендіргіші бар морсты, қант пакеттерін немесе кофе немесе шайға арналған қант алмастырғыштарды жиі тұтыну сияқты зиянды әдеттер Сіздің денсаулығыңызға үлкен қауіп төндіреді.
Қант пен басқа тәттілендіргіштерден толығымен бас тарту мүмкін емес, бірақ оларды шамадан тыс тұтынумен байланысты тәуекелдерді азайтуға болады және қажет!
Зиян әдеттен арылуға көмектесетін ақпарат
Қант. Қант (рафинад, құмшекер) - калория көзі, тағамдық құндылығы жоқ, қабыну әсері бар. Қантты таза түрде жемейтін болсаңыз да, бұл оның сіздің организміңізге түспейді дегенді білдірмейді. Шындығында, көптеген тағамдарда жасырын қант бар. Мәселен, қантты сусындардың бір порциясында шамамен 40 грамм қант, десерт батончиктарында, йогурттарда және дәнді дақылдарда - шамамен 12 грамм (1 ас қасық) қант бар. Барлығының сүйікті кондитерлік өнімдерінде қант аз емес.
Қант алмастырғыштар
Стевия – қанттың пайдалы баламасы. Ол қантқа қарағанда бірнеше есе тәтті және құрамында калория жоқ. Оның негізіндегі тәттілендіргіштер әдетте өсімдік тектес түрі бар (пакеттерде, сұйықтық түрінде немесе өсімдік түрінде), олар қандағы глюкозаның күрт көтерілуіне әкелмейді.
Осыған қарамастан, қант алмастырғыштар тәтті тағамға деген құштарлықты тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Оларды шамадан тыс тұтыну глюкозаға төзбеушілікті арттыруы мүмкін, бұл преддиабет пен қант диабетінің дамуына ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, жасанды тәттілендіргіштер ішектің пайдалы микрофлорасына теріс әсер етеді, сонымен қатар организмде май жиналуына әкелуі мүмкін.
Табиғи бал – табиғи тәттілендіргіштерге де жатқызуға болады
Оның құрамында ас қантымен салыстырғанда қоректік заттар көп. Бал антиоксиданттар мен ішек флорасын көректендіретін заттарға бай. Сонымен қатар, балдың құрамында минералдар мен дәрумендер (Е, С) бар және басқа да көптеген пайдалы қасиеттерге ие.
Балда қант көп екенін және сәйкесінше көп калория бар екенін ұмытпаңыз. Сондықтан оны күніне 1-2 шай қасықтан артық емес тұтынуға болады.
Есіңізде болсын, балды бір жасқа дейінгі нәрестелерге беруге болмайды, өйткені оның құрамында ботулизм бактерияларының споралары болуы мүмкін, бұл нәрестелердің денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
Үйеңкі сиробы, агава шырыны - қантқа қарағанда қоректік заттары бар табиғи тәттілендіргіштер. Бірақ олардың құрамында көмірсулар мен калориялар бар, олар қандағы глюкозаны көтереді, бірақ оларды аз мөлшерде қолдануға болады.
Жеміс-жидек (жаңа піскен немесе мұздатылған)
Көптеген жеміс-жидек гликемиялық индексі төмен немесе орташа, сондықтан олар қандағы глюкозаның күрт көтерілуіне әкелмейді. Осыған байланысты, тағамды немесе сусындарды жеміспен тәттілендіру оларға қант қосудан гөрі денсаулыққа пайдалы.
Мысалы, ботқаға алма және басқа пюре, табиғи йогурттарға – жидек, коктейльдерге мұздатылған жеміс қосуға болады. Сондай-ақ, қанттың орнына ваниль немесе бадам сығындысын, какао ұнтағы мен дәмдеуіш – даршын және т. б. қолдануға болады.
Тәттіні жақсы көретіндерге ұсыныстар:
- Кофедегі немесе шайдағы тәттілендіргіш мөлшерін біртіндеп азайту.
- Тәтті шырындарды таза сумен сұйылту.
- Қантты сусындарды тұтынуды шектеу.
- Тек табиғи тәттілендіргіштерді (бал, сироп, нектар) қалыпты мөлшерде қолдану
- Тәттілендіргіш ретінде тамаққа жеміс-жидек қосу
- Сатып алудан бұрын өңделген өнімдердің этикеттқаларын мұқият зерттеп, құрамында көп қант немесе оның синтетикалық алмастырғыштары болса, оларды алмауға тырысу
Есіңізде болсын! Күнделікті рационда қантты тұтынуды азайту салауатты дене салмағын сақтауға, семіздік пен онымен байланысты аурулардың даму қаупін азайтуға мүмкіндік береді.