Тамақтану егде жастағыларға денсаулық пен өмір сапасын сақтауда маңызды рөл атқарады. Бұл жаста организмге ағзалар мен жүйелердің функцияларын тиісті деңгейде ұстауға қоректік заттардың ерекше тепе-теңдігі қажет.
Дұрыс тамақтану ұтқырлықты сақтауға, есте сақтау мен когнитивті функцияларды жақсартуға, дененің қартаю процестерін бәсеңдетуге, иммунитетті нығайтуға, сондай-ақ жалпы саламаттылыққа ықпал етеді.
Егде жастағы адамдардың тамақтануындағы негізгі қағидат - тамақтану калория мөлшері бойынша шектеулі және маңызды қоректік заттардың құрамы бойынша толыққанды болуы керек:
- тамақтанудағы қалыптылық (калория)
- нәруыздарды, дәрумендер мен минералдарды жеткілікті мөлшерде тұтыну
- тұзды, қантты, майды тұтынуды шектеу
- аз мөлшерде бөлшектеп тамақтану (күніне 5 ретке дейін)
- суды жеткілікті мөлшерде ішу (кем дегенде 1,5 литр таза су).
Егде жастағы адамдар үшін ең маңызды қоректік заттар
НУТРИЕНТ |
Организмге не үшін қажет |
Негізгі көздері |
Ескерту |
D дәрумені |
- кальцийді сіңіру үшін; - бұлшықеттердің, нервтердің, иммундық жүйенің жұмысы үшін |
майлы балық (күмжі, скумбрия, сардина) |
жас ұлғайған сайын дене күн сәулесін D дәруменіне айналдыруды біртіндеп тоқтатады, сондықтан өнімдерден басқа дәрігердің ұсынысы бойынша D дәрумен препараттарын ішуге болады. |
B12 дәрумені |
-қан жасушалары мен нерв жасушаларын өндіру үшін |
ет, балық, жұмыртқа және сүт өнімдері |
В12 атрофиялық гастриті болған кезде тағамнан нашар сіңеді, сондықтан сіз таблеткаларға немесе инъекцияларға жүгіне аласыз |
B6 дәрумені |
- микробтармен күреседі; - энергия өндіреді; - есте сақтау және ақыл-ой қабілетін жақсартады |
ноқат, бауыр, майлы балық |
деменция кезінде В6 дәрумені ақыл-ой қабілетін жақсартуға көмектеспейді |
Фолий қышқылы (В9) |
- жасушалардың өсуін ынталандырады; - инсульттан қорғайды; - обырдың кейбір түрлерінің алдын алады |
жапырақты көк-сөк, жаңғақтар, бұршақтар |
артық фолий қышқылы (тағамдық қоспалардан) нерв зақымдану қаупін, сондай-ақ жуанішек обырының даму қаупін арттыруы мүмкін |
Кальций |
- остеопороздың (сүйек сынғыштығы) алдын алады; - бұлшықет, нерв және қан тамырларының жұмысын қалыпқа келтіреді |
сүт, йогурт, ірімшік, айран және т.б. сүт –қышқыл өнімдері |
жас ұлғайған сайын Са сіңірілгеннен гөрі көбірек жоғалады әсіресе менопаузадан кейінгі әйелдер үшін маңызды
|
Магний |
- нәруыз шығарады; - сүйектерді нығайтады; - қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді; - тамырларды кеңейтеді |
жаңғақтар, тұқымдар, жапырақты көк-сөк |
магнийдің тамақта жетіспеушілігінен басқа, әртүрлі дәрі-дәрмектерді қабылдау оның жетіспеушілігін тудыруы мүмкін, сондықтан магний препараттарын қолданудың мағынасы зор |
Калий |
- жүрек, бүйрек, бұлшықет, нерв жұмысы үшін қажет; - инсульттің, артериялық қысымның жоғарылауының және сүйектің сынуының алдын алады |
кептірілген өрік, банан, шпинат, йогурт |
құрамында калийі бар тағамдық қоспаларды дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қабылдауға болады, өйткені олар жоғары артериялық қысымнан, бас сақинасынан және т. б. препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін |
Селен |
- жасушаларды зақымданудан және инфекциялардан қорғайды; - қалқаншабездің жұмысын жақсартады; - бұлшықет тонусын қамтамасыз етеді; - деменцияның, обырдың және қалқаншабез ауруларының алдын алады |
әр түрлі жаңғақтар, шекілдеуік |
селеннің артықтығы (ББҚ ретінде қабылдау) шаштың түсуіне және тырнақтың сынуына әкелуі мүмкін |
Мырыш |
- инфекциялармен және қабынумен күресуге көмектеседі; - көру қабілетін қорғайды |
ет және теңіз өнімдері
|
көптеген егде жастағы адамдар бұл микронутриентті тамақпен бірге толық алмайды, дәрігердің ұсынысы бойынша оны бикомплекспен ішуге болады |
Омега-3-май қышқылдары |
- Альцгеймер ауруының, артриттің, соқырлықты тудыратын сары дақтар дегенерациясының алдын алады |
майлы балық, грек жаңғағы, рапс немесе зығыр майы |
омега-3 май қышқылдарын ештеңемен алмастыра алмайсыз, яғни олар организмде өндірілмейді, тек тамақпен бірге түсуі керек |
Пробиотиктер |
- ішек микрофлорасын қалыпқа келтіретін бактериялар; - ас қорытуды жақсартады (диарея, тітіркенген ішек синдромы кезінде көмектеседі); - аллергиядан қорғайды |
йогурт, тұздалған қырыққабат, тағамдық қоспалар |
егер Сіздің денсаулығыңызда проблемалар болса немесе иммунитетіңіз әлсіз болса, дәрігердің кеңесі қажет, ал егер Сіз сау болсаңыз пробиотиктер Сіз үшін қауіпсіз
|
Тағамдық талшықтар |
- ас қорытуды жақсартады; - ішөтуді реттейді; - холестерин мен қандағы қант деңгейін төмендетеді - инсульттің, инфаркттің алдын алады |
тұтас дәнді өнімдер, көкөніс пен жеміс |
егде жастағы адамдардың көпшілігі талшықтың қажетті мөлшерін тұтынбайды (20-30 гр.), бұл шамамен 6-8 порция дәнді дақыл немесе 8-10 порция көкөніс, сондықтан бұл жағдайда тағамдық қоспаларды қабылдау туралы ойлану керек |
Материалды дайындау кезінде Алмаз Шарман медицина профессорының ұсыныстары қолданылды https://www.zdrav.kz/novosti/kak-s-vozrastom-luchshe-pitatsya