Басты бетҚант диабеті

Қант диабеті

Қант диабеті Қант диабеті Қант диабеті

Адам организмінде барлық процестерді гормондар басқарады - біз олардың арқасында күлеміз, жылаймыз, қуанамыз және ренжиміз. Өсу және жыныстық даму, қалқанша безінің, бүйрек үсті безінің және гипофиздің қызметі, репродуктивті саулық, семіздікті эндокринологтар бақылап, тексереді.

Гормондық баланстың бұзылуы ауыр зардаптарға әкеледі, қант диабеті – ең күрделі аурулардың бірі.

Қант диабетіне шалдыққандар саны алаңдаушылық туғызғандықтан, 1991 жылы Халықаралық Диабет федерациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, 14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні деп белгіледі. 2007 жылдан бері Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылауымен аталып өтеді. Бұл күннің логотипі – көк түсті шеңбер.

Көк шеңбер қант диабеті індетіне қарсы күресте жаһандық диабеттік қауымдастықтың бірлігін білдіреді. Бұл - қант диабеті туралы хабардарлықтың халықаралық символы.

Бүгінгі таңда әлемде 463 миллионнан астам адам қант диабетімен ауырады, ал әр екінші ересек адам маманға қаралмайды.

Халықаралық қант диабеті федерациясының есептеулеріне сәйкес, Қазақстанда 735 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады және 2 типті қант диабетімен ауыратындардың жартысына жуығы өз ауруы туралы ештеңе білмейді, бұл ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Көбінесе аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін диагноз қойылғанға дейін бірнеше жыл өтуі мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігінің, соқырлықтың және ампутацияның негізгі себебі - қант диабеті.

Отбасы мүшелері қант диабетімен ауыратын адамдар, артық салмағы бар адамдар, жүрек-қантамыр патологиясы бар адамдар, сондай-ақ 45 жастан асқан адамдар қауіп тобына кіреді. Қант диабеті қандағы глюкоза деңгейінің тұрақты көтерілуімен сипатталады, кез келген жаста пайда болуы мүмкін және өмір бойы сақталады.

Диабеттің түрлері:

Қант диабетімен сырқаттанушылықтың артуы 2 типті қант диабетімен байланысты, оның үлесі тұрақты өсіп келеді және барлық жағдайлардың 85% -дан астамын құрайды.

Ауруды бақылау және толыққанды өмір сүру үшін: артық салмақтан аулақ болу; емдік диета ұстану; дене шынықтырумен айналысу; темекі шегуді және алкоголь ішуді тоқтату; күйзеліске түспеу; қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін бақылау; эндокринологтың бақылауында болу қажет, дәрі-дәрмектерді тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдаңыз және жылына бір рет толық медициналық қарап-тексеруден өтуді ұмытпаңыз.

Организмде келесі өзгерістерді байқасаңыз, дәрігерге жүгініңіз:

  • үнемі шөлдеу
  • тез салмақ тастау немесе қосу
  • ауыз құрғауы, дәретханаға жиі бару
  • терінің іріңді зақымдануы ұзақ уақыт жазылмауы
  • тез және шамадан тыс шаршау

Бұл қолайсыздықтардың себебі қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы болуы мүмкін.

Қант диабетімен ауыратын адамдар күрделі асқынулардың дамуын болдырмау үшін қандағы қант деңгейін үнемі бақылап отыруы маңызды.

Қант диабетінің алдын алу қарапайым саулық қағидаларынан тұрады:

  • салмақты бақылау
  • дұрыс тамақтану (қант пен қаныққан майды тұтынуды азайтыңыз)
  • физикалық белсенді болу
  • жаман әдеттерден бас тарту 

Осы ұсыныстарды орындау денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтауға көмектеседі! Өз денсаулығыңызды күтіңіз!