Басты бет«Тұмауға қарсы қалқан: Қыс маусымындағы негізгі алдын алу қадамдары»

«Тұмауға қарсы қалқан: Қыс маусымындағы негізгі алдын алу қадамдары»

«Тұмауға қарсы қалқан: Қыс маусымындағы негізгі алдын алу қадамдары»

Күн суығанда жіті респираторлық-вирустық инфекциялармен (ЖРВИ), соның ішінде тұмаумен сырқаттанушылықтың саны арта түседі.

Жыл сайын Қазақстанда ЖРВИ-дің 4 миллионға жуық жағдайы тіркеледі.

Бұл инфекциялар көбінесе жөтел және түшкіру кезінде ауа-тамшылы жолмен берілетіндіктен, өте тез арада кеңінен жаппай таралуы мүмкін, олардың қаупі де осы.

Тұмау жеңіл өту мүмкін екеніне қарамастан, ол өте ауыр түрде, айтарлықтай асқынулармен өтіп, әсіресе халықтың осал топтары (егде жастағы адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары (қант диабеті, жүрек және өкпе аурулары бар адамдар) үшін тіпті өлім-жітімге әкеп соғуы әбден мүмкін.

Ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ екені бәрімізге мәлім.

Сондықтан тұмау маусымына дұрыс дайындалу маңызды.

Алдын алу шаралары біріншіден организмнің өзіндік қорғанысын күшейтуге бағытталуы керек.

Бұл жерде біз спецификалық емес алдын алу шаралары туралы айтып отырмыз.

  • Денені шыңықтыру (мысалы, контрастты душ, бассейн т.б.);
  • Дұрыс тамақтану - яғни дәрумендерге бай жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну. Сонымен қатар олардың құрамындағы тағамдық талшықтар ішек микрофлорасын жақсартады, бұл организмнің әртүрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін нығайтады. Бұл да естеріңізде болсын!
  • Дене белсенділігі (күніне кем дегенде 30 мин жаттығу, жаяу жүру)
  • Дұрыс ұйқы (7-8 сағаттан кем емес, сағат 23:00-ге дейін жату, бөлме температурасы 17- 18°С);
  • Иммундық жүйеңіз әлсіреген болса (жиі ауыратын болсаңыз), онда дәрігердің кеңесімен иммунокоррекциялық препараттар (анаферон, интерферон, виферон) және мультидәрумендер қабылдауға болады.

Осы шаралармен қатар арнайы/специфилалық алдын алу шараларын қабылдау қажет - бұл вакцинация:

Тұмауға қарсы вакцинация - инфекциядан қорғаудың қауіпсіз және тиімді шарасы және тұмаудың ауыр түрде өтуі мен қолайсыз нәтижелердің алдын алудың негізгі құралы болып келеді! Тұмаумен сырқаттанушылық кең таралғанға дейін иммунитет қалыптасып үлгеруі үшін вакцинаны алдын ала алу қажет. Егуден кейн 8-12 күн ішінде тұмауға қарсы иммунитет қалыптасады және бір жылдай сақталады.

Маңызды!

  • Тұмау маусымында ЖРВИ белгілері бар адамдардан алшақ болу
  • Адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту
  • «Респираторлық этикет» сақтау - жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды майлықпен жабу, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию қажет!
  • Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз және дезинфекциялық құралдармен өңдеңіз (себебі тұмау вирустары қол арқылы және ластанған заттардан да беріледі). Қолды дұрыс жуу инфекция жұқтыру каупін 25 % дейін азайтады.
  • Бөлмені жүйелі түрде желдетіп, ылғалды тазалау қажет! Ылғалды ортада тұмау вирусы төзімділігін жоғалтады.
  • Ауырып қалсаңыз және тұмаудың жеңіл белгілері байқалса, үйде болыңыз, көбірек су ішіп, дұрыс тамақтаныңыз!
  • Жағдайыңыз нашарлап, ауру белгілері күшейсе өз бетіңізбен емделмеңіз, антибиотиктер қабылдамаңыз (олар вирустық инфекцияны емдемейді). Медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгінуіңіз қажет.

Бізбен бірге денсаулығыңызды сақтаңыз!