Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әрбір 8-ші ер адам және әрбір 11-ші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады. Қатерлі ісік өлім-жітім бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы көрсеткендей, Қазақстанда соңғы 20 жылда онкологиялық аурушаңдық 25%-ға өсті. Елімізде жыл сайын 30 мыңға жуық жаңа ауру жағдайы анықталады.
Қатерлі ісікпен сырқаттанушылық құрылымында қатерлі ісік әйелдер арасында жиі кездеседі және сүт безі обыры (бұдан әрі – СБО) бірінші орында, жыл сайын орта есеппен 5 мың әйелге СБО диагнозы қойылады.
СҮТ БЕЗІНІҢ ОБЫРЫН АЛДЫН АЛУ
Сүт безінің обыры - өзін-өзі диагностикалау өте тиімді болатын қатерлі ісік ауруларының бірі.
1. Жүйелі түрде өзін-өзі тексеру: менструациядан кейін айына бір рет кеудеңізді түйірлердің, түйіршіктердің, ағудың, түсінің немесе пішінінің өзгеруіне тексеру керек.
2. Маммография – «алтын стандарт»: сүт безі қатерлі ісігінің ерте белгілерін анықтау үшін маммография скринингтік бағдарламаларға сәйкес (40 жастан бастап, 2 жыл сайын) ұсынылады.
3. Салауатты өмір салты: темекі шегу мен алкогольді шамадан тыс пайдаланудан бас тарту, физикалық белсенділік және қалыпты салмақты сақтау.
4. Дұрыс тамақтану: сүт безінің денсаулығына пайдалы – брокколи, гүлді қырыққабат және ақ қырыққабат, зығыр тұқымы, куркума, қызыл және қызғылт сары көкөністер, жидектер, жаңғақ, қара бұршақ, тұтас дәндер.
5. Гормондық терапия: тұқым қуалайтын фактордың болуы гормондық терапия мүмкіндігі туралы дәрігермен кеңесуді қажет етеді.
6. Профилактикалық мастэктомия: өте сирек ерекше жағдайларда, сүт безі қатерлі ісігінің дамуының жоғары генетикалық қаупі болса, дәрігер профилактикалық шара ретінде сүт бездерін алып тастауды ұсынуы мүмкін.
Есіңізде болсын, сіздің нақты жағдайыңызға байланысты сүт безі қатерлі ісігінің ең тиімді алдын алу және ерте анықтау стратегияларын табу үшін дәрігермен кеңесу маңызды.