Басты бетШетелдік және қазақстандық аритмологтер ҚР ПІБ МО ауруханасында бас қосты

Шетелдік және қазақстандық аритмологтер ҚР ПІБ МО ауруханасында бас қосты

Шетелдік және қазақстандық аритмологтер ҚР ПІБ МО ауруханасында бас қосты

ҚР ПІБ МО ауруханасында «Кардиологтерге арналған жүрек аритмиясын емдеу және жүрек электрофизиологиясы» дәстүрлі халықаралық конференциясы өтті.

Қазақ аритмологтер қоғамы және Астана медицина университетінің қолдауымен ұйымдастырылған Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының (EHRA) халықаралық конференциясына Испания, Италия, Польша, Түркия, Ресей және Орталық Азия елдерінен 35-ке жуық және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50-ге жуық аритмолог, сондай-ақ 301 офллайн және 1700 онлайн делегат қатысты.

Халықаралық шараның ашылуында ҚР Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, EHRA 2022-2024 президенті Хосе Мерино, Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Надыров сөз алды.

– Аритмологияны жаңа мамандық деуге болады, ол өткен ғасырдың 80-жылдары ғана пайда болған. Бұл мамандық кардиология, кардиохирургия, инженерия және рентгенология бағыттарын біріктіреді және кенеттен жүрек ауруынан қайтыс болудың алдын алады. Көбінесе біз ота жасағанда тамыр арқылы кіріп, жүректің ішіне ота жасаймыз. Адамның кенеттен жүрек ауруынан қайтыс болмауы үшін түрлі ота жасаймыз, жүректің ырғағының бұзуылуын зерттейміз. Ертең аритмологтер қоғамының жыл бойы істеген жұмысын қорытындылаймыз және өзекті мәселелерді талқылаймыз. Қазақстандық аритмологтер мен дүниежүзі ғалымдарының ынтымақтастығы ондаған жылдарға жалғасып келеді», – деді Қазақстан аритмологтер қоғамының президенті, ҚР ПІБ МО ауруханасынның бас аритмолог дәрігері Аян Әбдірахманов.

Екі күнге созылатын алқалы жиын барысында аритмологиядағы скрининг, ерте диагностика, профилактика, аритмияға қарсы препараттармен емдеу мәселелері, заманауи аритмологиялық хирургияны дамыту, күрделі навигациялық жабдықты пайдалану, сондай-ақ аритмологиялық қызмет жұмысының ұйымдастырушылық мәселелері, жоғары технологиялық операцияларды қоса алғанда, аритмияны диагностикалаудағы озық әдістер, аритмияның әр түрі үшін интервенциялық операцияларды қажет ететін әртүрлі әдістерді қолдану және аритмологияның көптеген басқа аспектілері аясында тақырыптар талқыланды.

Сондай-ақ конференция барысында жаңа заманға сай жүрекке электродсыз стимуляторларды имплантациялау және жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарын абляциялау бойынша 6 шеберлік сабағы өткізілді.