Жыл сайын 4 ақпанда аталып өтетін Дүниежүзілік обырға қарсы күннің мақсаты – тұрғындарды онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Осыған байланысты біз негізгі қауіп факторлары және осы ауыр дерттің алдын алу жолдары туралы ақпаратқа назарларыңызды ұсынамыз.
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
ОБЫР профилактикасы – бұл аурудың дамуының қауіп факторларынан (себептерінен) қорғау жолдарын іздеуге негізделген қатерлі ісіктің алдын алуға және оның даму қаупін азайтуға бағытталған іс-шаралар.
Қауіп факторы - обырдың даму қаупін арттыратын адамның әдеті (мысалы, темекі шегу) немесе қоршаған ортаның қауіпті факторларының (ультракүлгін сәулелену, химиялық канцероген) әсері сияқты ерекше белгі.
ОБЫРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ:
1. Шылым шегетін болсаңыз, бұл зиян әдеттен бас тартыңыз. Пассивті темекі шегу (темекі шегетін адаммен бір жерде жиі болу) өкпенің обырының қаупін арттырады.
2. Дұрыс тамақтаныңыз.
- Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыныңыз (кемінде тәуілігіне 500 г).
- Рационыңызға тұтас дәнді дақылдар мен бұршақтарды қосыңыз.
- Майлы тағамдарды шектеңіз (транс-майлары, баяу еритін жануар майлары).
- Алкогольді асыра пайдаланбаңыз және таза суды көбірек ішіңіз (30 мл/кг).
- Дене салмағының индексін норма шеңберінде ұстаңыз – 18-25 кг/м2 (күніне кемінде 30 минут тұрақты физикалық белсенділік).
3. Күн астында тым ұзақ болмауға тырысыңыз, әсіресе түс уақытында, көлеңкеде болыңыз, теріңізді киіммен, күннен қорғайтын кремнің көмегімен қорғаңыз, солярийлер мен кварц шамдарын қолданбаңыз.
4. Бауыр обырының қаупін азайту үшін В гепатитіне қарсы, жатыр мойны обырының алдын алу үшін адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцина алыңыз.
5. Қауіпсіз жыныстық қатынас (презерватив пайдалану, жыныстық қатынаста бір ғана адаммен болу).
6. Қатерлі ісіктердің скринингін (маммография, жатыр мойнын цитологиялық зерттеу, колоноскопия, фиброгастродуоденоскопия және т.б.) назардан тыс қалдырмаңыз. Егер отбасында бірнеше рет қайталанатын обыр жағдайлары байқалса, мұқият тексерілу қажет.
7. Егер алдын алу шараларына қарамастан обырға шалдықсаңыз, негізгі емнен соң тиімді оңалтудан өтіңіз.
Бізбен бірге өз денсаулығыңызды күтіңіз!