Басты бетКВИ, ЖРВИ ЖӘНЕ ТҰМАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ПРОФИЛАКТИКАСЫ!

КВИ, ЖРВИ ЖӘНЕ ТҰМАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ПРОФИЛАКТИКАСЫ!

КВИ, ЖРВИ ЖӘНЕ ТҰМАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ПРОФИЛАКТИКАСЫ! КВИ, ЖРВИ ЖӘНЕ ТҰМАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ПРОФИЛАКТИКАСЫ!

КВИ, ЖРВИ және тұмаудың спецификалық емес профилактикасы қоғамдық және жеке гигиена қағидаларын сақтауды, иммундық жүйені нығайтуды, организмнің стресске төзімділігін арттыруды білдіреді. Иммунитет – адам организмінің өзін-өзі көптеген аурулардан қорғаудың негізгі механизмі.

Иммунитетті нығайтудың ең маңызды және тиімді әдістерінің бірі, әрине, салауатты өмір салтын сақтау. Салауатты өмір салтының басты факторы және негізі дұрыс тамақтану екені бәріне  мәлім. Иммундық жүйені нығайтудағы қоректік заттардың/нутриенттердің маңыздылығы көптеген ғылыми зерттеулермен дәлелденген.

Ең маңызды нутриенттер және олардың тағамдық көздері

Нуртиенттер

Қасиеттері

Тағамдық көздері

Ақуыздар

Организмге негізгі құрылымдық элемент ретінде қажет. Олар иммуноглобулиндердің синтезіне қажет болатын маңызды амин қышқылдарының көзі болып табылады, сонымен қатар олар микроорганизмдер әсерінен зақымдалған жасушаларды қалпына келтіруге ықпал етеді.

Балық, әсіресе теңіз балығы, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері, қырыққабат (ақ түсті қырыққабат, брокколи), жаңғақ, саңырауқұлақ, бұршақ дақылдары, зімбір, асқабақ тұқымдары.

С дәрумені

Организмнің сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімділігін арттырады, организмді вирустардан қорғайтын интерферон мен антиденелердің түзілуін арттырады, иммундық жасушаларды өндіруге қатысады және күшті антиоксидант болып табылады.

Жидектер (итмұрын, қарақат, бүлдірген, шетен жидегі, шырғанақ, мүкжидек); жемістер (апельсин, лимон, грейпфрут, мандарин, киви, құрма, алма); көкөністер (ашытылған қырыққабат, түсті қырыққабат, брокколи, брюссель  қырыққабаты, болгар бұрышы).

А дәрумені

Фагоцит жасушаларының жұмысын күшейтеді, осылайша дененің қорғаныс белсенділігін арттырады, күшті антиоксидант болып табылады.

Асқабақ, сәбіз, қызанақ, манго, шырғанақ, өрік, қауын, шие, жасыл көкөністер (брокколи, шпинат, көк пияз, жасыл бұршақ), жануарлардан алынатын өнімдер (балық майы, балық және жануарлардың бауыры, сүт, жұмыртқа, сары май, ірімшік, сүзбе).

Мырыш

Иммундық тимус безінің гормондарын синтездеу үшін қажет, иммунитетті төмендететін кортизол деңгейін реттейді, фагоциттердің түзілуіне ықпал етеді, А және С дәрумендерінің иммуностимуляторлық қасиеттерін күшейтеді.

Теңіз балығы, бауыр, сұлы жармасы, жаңғақ, жұмыртқа сарысы, ірімшік, жасыл бұршақ, бұршақ.

Селен

Антиденелердің түзілуіне қатысады, антиоксиданттық әсері бар, басқа да пайдалы әсерлерімен қатар, ағзада мырыштың сақталуына ықпал етеді.

Теңіз балығы, теңіз өнімдері, қуырылмаған жаңғақ, тұқымдар мен жарма, саңырауқұлақ.

Фитонцидтер

Ауру туындататын микроорганизмдерді жояды, организмнің инфекцияларға төзімділігін арттырады және тіндердегі қалпына келтіру процестерін күшейтеді.

Пияз, сарымсақ, шалғам, ақжелкек, шие, қарақат, көкжидек.

Қанықпаған май қышқылдары

Омега-3 тобының ҚМҚ қабыну процестерін реттейді және иммундық жүйені нығайтады.

 

Балық майы, майлы теңіз балығы (ақсерке, тунец) және форель, теңіз өнімдері, зәйтүн майы.

Рацион неғұрлым әркелкі болса, организм барлық қажетті қоректік заттармен соғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛЫҢЫЗ! Жоғарыда аталған қоректік заттарға бай тағамдарды басқа да профилактика әдістерімен ұштастыра отырып, жүйелі түрде тұтыну арқылы КВИ, ЖРВИ және тұмаудың ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа аурулардың алдын алуға болады.