Президенттік клиниканың офтальмолог-дәрігері Ырзық Жарылғасинова Дүниежүзілік глаукома апталығы аясында әңгімелейді.
Бұл күнді медициналық күнтізбеге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы енгізді, өйткені глаукомасы бар пациенттердің 50%-ы өздерінің ауыратынын білмейді. Бұл ауру көру қабілетіне үлкен қауіп төндіреді және соқырлыққа да әкелуі мүмкін. Глаукома неге пайда болады, ол қалай соқырлыққа әкеледі және оның симпотомдары қандай? Осыдан бастайық.
ГЛАУКОМА СИМПТОМДАРЫ
Емделушіде глаукома дамуының бірінші симптомы - көз қысымының жоғарылауы. Бірақ жиі адам бұл туралы күдіктенбейді және диагнозды естіген кезде, оның алғашқы реакциясы әдетте - сенімсіздік. Мұндай емделушілерге ауру неліктен басталғанын түсіну қиын. Кеңес алу үшін оларға біріншіден дәрігер-офтальмологқа жүгіну қажет.
Біз, әдетте, тұқымда глаукоманың біреуде болған-болмағанын сұраймыз, өйткені ол тұқым қуалайды.
Көз қысымынан басқа, бұл аурудың симптомы ретінде көру өрісінің тарылуы болуы мүмкін. Аурудың бастапқы сатыларында адамның өзі оны байқамауы мүмкін: көру өрісі біртіндеп тарылады. Ақыр соңында, науқас түтік арқылы қарағандай болады. Біз мұны түтікті көру симптомы деп атаймыз, ол әдеттегі өмірде түрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін . Егер мұндай пациент автомобиль жүргізсе, ол аварияға жиі ұшырауы мүмкін, өйткені ол оң және сол жақта болып жатқан жағдайды көрмейді, жүргенде сүрінуі мүмкін.
Сондай-ақ, бас ауруы, ыңғайсыздық, жас ағу, жарықтан қорқу пайда болуы мүмкін. Бұл симптомдардың болмауы да мүмкін, себебі олар негізгі емес, жанама болып саналады.
Адамның өзіне аурудың көрсетілген барлық симптомдарын анықтау қиын, әсіресе ерте кезеңдерде, сондықтан маманға барып, өз көру қабілетін тексеру маңызды.
СОҢҒЫ ПУНКТ: СОҚЫРЛЫҚ
Глаукоманы емдеу саласындағы көптеген сарапшылар әдетте бұл ауру соқырлыққа әкеледі деп атап өтеді. Оның пайда болуы - тек уақыт мәселесі: маманның бақылауында болған ауру он жыл аралығында көруді жоғалтуға әкеп соқтыра алады. Егер глаукоманы емдемеген жағдайда, ол дамыған сәттен бастап үш жыл ішінде адамды көру қабілетінен айыра алады.
Осыдан кейін көру қабілетін қалпына келтіру, әдетте, мүмкін емес. Көзде қайтымсыз процестер орын алады, өйткені көру нервін кері оңалту өте қиын. Көз қысымының әсерінен ол қысылады, ал оның шеткі талшықтары ақырында өле бастайды.
ГЛАУКОМАНЫҢ ДАМУЫН НЕЛЕР ЖЫЛДАМДАТУЫ МҮМКІН
Бұл ауруға тұқым қуалайтын бейімділікті жылдамдататын арандатушы факторлар мен бірқатар жағдайлар бар. Мысалы, егер менің ата-анамның біреуі глаукомамен ауыратын болса да, бұл ауру менде пайда болады деген міндетті емес, тек бір ескерту: егер мен өз өмір салтыммен осы аурудың дамуын арандатпасам. Егер мен аз қозғалатын болсам, қалыпты физикалық жүктемелер жасамасам және мұның бәрі дұрыс тамақтанумен толықтырылмаса, онда барлық осы факторлар аурудың дамуын тездетеді.
Бұл ретте компьютерлер, теледидар және ұялы телефондардан болатын жоғары көру жүктемесі туралы ұмытпаған жөн. Олармен біз көп уақыт өткіземіз, содан көздеріміз зардап шегеді.
Қырық жасқа таяу жиі пресбиопия секілді ауру дамиды - жақын қашықтықта көруді фокустау кезіндегі қиындық. Науқас, бұл жағдайда, заттарды жақын көру үшін плюстік көзілдірік киюі керек. Бұл ең дұрыс. Бірақ, әдетте, адамдар көрудің нашарлағанын ұзақ уақыт бойы қабылдамайды, оның орнына көз ресурстарын жұмсап, сығырайып көре бастайды. Мұның бәрі глаукоманың пайда болуына әкелуі мүмкін.
ПРОФИЛАКТИКА
1. Көз диагностикасын өткізу және ауруды тудыра алатын факторларды болдырмау қажет. Олардың бірі жүрек-қантамыр ауруы болуы мүмкін. Алдымен салмақ, бой және белді өлшеу қажет. Денеде қандай да бір метаболикалық өзгерістер бар-жоғын көру маңызды.
Артық салмақ микроциркуляция деңгейін азайтады. Бұл дегеніміз, ұсақ тамырлар мен тиісінше ұсақ органдардың қанмен қамтылуының нашарлауы. Осыдан көру нерві зардап шегеді. Сондай-ақ, көз сұйықтығының ағыны мен кетуі азаяды.
2. Көзге арнайы гимнастика жасау керек. Егер біз күні бойы компьютердің алдында отырсақ, онда, әрине, көз бұлшықеттері осы уақыт ішінде шиеленісте болады. Көзге қан құйылды, ал бұлшықеттер қозғалмайтын болғандықтан кетуі болмады. Оларды босаңсыту үшін қарапайым жаттығулар жасау керек: көзді қатты жұмып, қайта ашу.
3. Суды жеткілікті көлемде ішу маңызды, себебі көздің өзі сұйықтықтың жетіспеушілігін сезеді. Оны ішке ішіп қана қоймай, сонымен қатар көзді сырттай ылғалдандыру, сондай-ақ жиі жұмып ашу қажет.
Бұл ретте, сұйықтықты ішу дегенде дәл суды айтамыз, ал шырындар, сорпа, кофе, шай – ағза үшін тағам болып саналады.
4. Денені сусыздандыратын өнімдерді аз ішкен жөн (тұздалған, ашытылған, ысталған өнімдер).
Соңында глаукома сөзі қазақ тілінде "су қараңғы", яғни қарайған, тұрып қалған су деп те аударылатынын еске салғым келеді. Оны қалай кетіруге болады? Сұйықтықтың жаңа ағынымен: бұл ағзаны қанмен қамтамасыз етуді де, сондай-ақ күніне жеткілікті суды тұтынуға да қатысты.