Құрметті пациенттер, төменде зертханалық зерттеулердің бөлек түрлеріне дайындалу үшін ұсынымдар көрсетілген. Ұсынымдарды ұстану нәтижелердің дәлдігі мен нақтылығына оң әсер етеді.
Назар аударыңыз, зертханалық зерттеулерді жасау үшін зәр мен нәжісті клиникалық-диагностикалық зертханаға зертханаға пластикалық контейнерде жеткізу қажет.
Көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында зертханалық зерттеулердің жасалу технологиялары өзгеруі мүмкін. Қажет болған жағдайда референстік мәндер мен нәтижелердің беру формасын зертхананың тіркеу орнындағы 70 80 90 телефоны бойынша және сайттан дәйектей аласыз.
1. Қан:
Нәтижелерге әсер ете алатын негізгі факторлар
Дәрілер: Дәрілік препараттардың зертханалық тесттердің нәтижелеріне әсер етуі әрқалай және болжауы мүмкін емес.
Ас ішу: ас компоненттерін сіңіру арқылы тікелей әсер етуі мүмкін, сонымен қатар жанама әсер – ас ішуден кейінгі гормондар деңгейінің өзгерісі, май бөлшектері мөлшерінің жоғары болуымен байланысты үлгі лайлылығының әсері.
Шамадан тыс физикалық және эмоционалды жүктеме: гормоналды және биохимикалық өзгерістерді туғызады.
Алкоголь: метаболизмнің көптеген үрдістеріне асқынған және созылмалы әсер туғызады.
Шылым шегу: кейбір биологиялық белсенді заттектердің секрециясын өзгертеді.
Физиоемшаралар, анализдерді тапсыру алдындағы инструменталды тексерулер: кейбір зертханалық параметрлердің уақытша өзгеруіне алып келуі мүмкін.
Әйелдердің менструалды цикл фазасы: гормоналды зерттеулердің бірқатарына маңызды, зерттеу алдында ФЫГ, ЛГ, пролактин, прогестерон, эстрадиол, андростендион деңгейін анықтау үшін үлгі алуға қолайлы күндерді дәрігерден айқындағаныңыз жөн.
Қан алу кезіндегі тәулік уақыты: адамның тәуліктегі белсенді ырғақтары болады, сәйкесінше әртүрлі көрсеткіштер үшін көп немесе кем дәрежеде белгіленген көптеген гормоналды және биохимикалық параметрлердің ауытқуы; таңғы уақытта қан алудағы, стандартты жағдайда алынған, әдетте статистикалық деректерді көрсетеді – «норма» шегі – референсті көрсеткіштер. Осылайша, АКТГ және кортизолға қан сағат 08:00-ден 08:30-ға дейін тапсырылады.
Зерттеуге дайындық барысындағы жалпы ережелер: биохимикалық, гормоналды, гематологиялық тесттер, кешенді иммунологиялық тесттерді өткізу барысында осы ережелерді ұстану жөн, нәтижелер адамның физиологиялық жағдайына тәуелді.
-
Мүмкіндігінше, қанды ашқарынға (8 сағаттан кем емес және 14 сағаттан аспайтын уақыт ішінде аш болу, сусын – су, қалыпты тәртіпте) таңғы 8 бен 10 сағат аралығында тапсырған жөн, тапсырыс алдында шамадан тыс тамақтанбау.
-
Егер сіз кейбір дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз дәрігермен препараттарды қабылдау негізіндегі зерттеулерді жүргізудің жөнділігін, немесе зерттеу алдындағы препараттарды қабылдауды тоқтату жөнінде дәрігерден кеңес алу жөн, қабылдауды тоқтату ұзақтылығы қаннан препараттың шығу мерзіміне байланысты.
-
Алкоголь – зерттеу алдында алкогольді ішуден бас тарту қажет.
-
Шылым шегу – зерттеу алдында кем дегенде 1 сағат шылым шекпеу.
-
Зерттеу қарсаңында физикалық және эмоционалды күйзелістерге шалдықпау.
-
Ауруханаға келгеннен кейін, қан үлгісін алу алдында 10-20 минут демалған жөн (отырып демалу).
-
Зертханалық зерттеулерге арналған қанды физиотерапевтикалық емшаралардан, инструменталды тексеруден және басқа да медициналық тексерулерден кейін тапсырмаған жөн. Кейбір медициналық емшаралардан кейін (мысалы ПЕА зерттеуі алдындағы еркекбез биопсиясы) зертханалық тексерулерді бірнеше күнге кейін қалдырған жөн.
-
Зертханалық көрсеткіштерді динамикадағы бақылаулар барысында қайта зерттеулерді бірдей жағдайда өткізген жөн: бір зертханада, қанды бір тәулік мерзімінде тапсыру және т.б.
Минималды талаптар: жұқпалы ауруларға тест, шұғыл зерттеулер – аш қарынға (4-6 сағат).
Ас ішу тәртібі, арнайы талаптар: тек ашқарынға, липидтік профильдің (холестерол, ЛПВП, ЛПНП, триглицеридтер, апо А1, апо В, ЛПОНП, липопротеин а; глюкозотолеранттық тест таңертең ашқарынға, 8 сағаттан кем емес және 14 сағаттан көп болмайтын ашығудан кейін) параметрлерін анықтау үшін 12-14 сағаттық ашығудан кейін қан тапсыру қажет.
Зерттеуге арналған қан үлгісін алудағы тәулік уақыты – ұсынымдар.
Белгілеулер:
«+» - ұсынылады;
«+/-» - шектеулермен рұқсат етіледі, тәулікті ырғақты динамикалық зерттеулерде және референстік шекке қатысты нәтижелердің шектес мәндері барысында ескеру қажет;
«-» - болдырмауы жөн.
Тест атауы |
8.00 - 11.00 |
12.00 - 17.00 |
18.00 - 8.00 |
Гормонды тестілер |
+ |
+/- |
- |
Сүйек алмасудың маркерлері (остеопороздың) |
+ |
+/- |
- |
Биохимиялық тестілер |
+ |
+/- |
+/- (шұғыл) |
Дәрумендер |
+ |
+/- |
- |
Иммунологиялық бейіндер, интерферондық мәртебе |
+ |
- |
- |
Онкомаркерлер |
+ |
+ |
+ |
Аутоиммунды маркерлер |
+ |
+ |
+ |
Аллергологиялық тестілер |
+ |
+ |
+ |
Қанның жалпы анализі, коагулология |
+ |
+ |
+/- (шұғыл) |
Жұқпалар |
+ |
+ |
+ |
Қанның жалпы анализі, коагулология |
+ |
+ |
+/- |
Генетикалық тестілер |
+ |
+ |
+ |
Микроэлементтер |
+ |
+ |
+/- |
Гормоналды зерттеулер |
|||
АКТГ |
08:00 до 08:30 |
- |
- |
Кортизол |
08:00 до 08:30 |
- |
- |
Паратгормон |
09:00 до 10:00 |
+/- |
- |
Кальцитонин |
+ |
+/- |
- |
Альдостерон |
+ |
+/- |
- |
Ренин |
+ |
+/- |
- |
Катехоламиндер |
+ |
+/- |
- |
Пролактин |
+ |
+/- |
- |
Тиреоидті панель |
+ |
+/- |
- |
Инсулин, С-пептид |
+ |
мақсатына қарай |
- |
ФСГ, ЛГ |
+ |
+/- |
- |
Эстрадиол, прогестерон, тестостерон (әйелдерге) ГСПГ |
+ |
+/- |
- |
17-ОН-прогестерон, андростендион |
+ |
+/- |
- |
ДЭА-S |
+ |
+/- |
- |
Бета-ХГЧ (тест на берем.) |
+ |
+ |
+ |
Тестостерон, ингибин (еркектерге). |
+ |
+/- |
- |
PRISCA |
+ |
+ |
- |
Эритропоэтин |
+ |
+/- |
- |
Басқа гормондар |
+ |
+/- |
- |
Жұқпаларды табу бойынша зерттеулер барысында жұқпаны жұқтырудың кезеңіне және иммунды жүйенің жағдайына қарай әрбір пациентте теріс нәтиже болуы мүмкіндігін ескеру қажет. Дегенмен теріс нәтиже жұқпаның толықтай жоқтығын білдірмейді. Күмәнді жағдайларда қайта анализ жүргізу жөн.
Ескеріңіз! Әрбір зерханаларда әртүрлі зерттеулер мен өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. Сіздің нәтижелеріңіздің дұрыс бағалауы және нәтижелердің жарамдылығы болуы үшін зерттеулерді бір зертханада және бір уақытта өткізген жөн. Мұндай зерттеулердің салыстыруы дұрыс болады.
2. Несеп:
Контейнерге жалпы анализге арналған несеп жинау
Анализді тапсырар алдында несептің түсін өзгерте алатын жеміс-жидектер мен көкөністерді (қызылша, сәбіз және т.б.) жемеген, диуретиктерді қабылдамаған дұрыс.
Несепті жинау алдында жыныс мүшелердің жете гигиеналық туалетін жасау керек. Әйелдерге менструация кезінде несеп анализін тапсырмаған жөн. Шамамен 50 мл таңғы несепті контейнерге жинаңыз. Зерттеуді дұрыс өткізу үшін, таңғы алғашқы несеп шығару кезінде азғантай мөлшерін (алғашқы 1-2 сек.) унитазға жіберу, содан кейін несеп шығаруды тоқтатпастан контейнерді тосу және оған шамамен 50 мл. несеп жинау қажет.
Несеп жинаған соң бірден контейнерді мықтап жабыңыз.
Несеп жиналған контейнерді зертханаға сағат 08:00-ден 10:00-ге (биоматериалдарды қабылдау уақыт кестесі бойынша) дейін жеткізу керек. Егер несепті зертханаға бірден жеткізу мүмкін болмаса, контейнерді +2...+8°С температурасында сақтау.
Тәулікті несепті жинау
Бір тәулікті несеп жиналады. Алғашқы таңғы бөлшегі жойылады. Несептің қалған күндізгі, түнгі және келесі күннің таңғы барлық болшектері бір ыдыста, тоңазытқышта (+4...+8°C) бүкіл жинау уақытында сақталады (бұл міндетті талап, себебі бөлме температурасында зерттелетін аналиттің құрамы күрт төмендейді)
Несепті жинауды аяқтаған соң ыдыс ішіндегісін зертханаға 08:00-ден 10:00-ге (биоматериалды қабылдау уақыт кестесі бойынша) дейін жеткізу қажет. Жолдама бланкінде пациенттің бойы мен салмағын белгілеу қажет.
Сағат таңғы 10-ға дейін (несептің 1-ше немесе 2-ші таңғы бөлшегі) ДПИД анықтау үшін несептің үлгісін алады.
Несептің себуін жасау үшін несепті жинау (антибиотиктерге сезімділігін анықтаумен)
Несепті жинау үшін міндетті түрде гигиеналық процедура жүргізіледі. Қақпақты ашу. Контейнерге шамамен 50 мл таңғы несепті жинаңыз. Зерттеуді дұрыс өткізу үшін, таңғы алғашқы несеп шығару кезінде азғантай мөлшерін (алғашқы 1-2 сек.) унитазға жіберу, содан кейін несеп шығаруды тоқтатпастан контейнерді тосу және оған шамамен 50 мл. несеп жинау қажет.
Есіңізде болсын, зертханалық тексерудің оңтайлы бағдарламасын жасап, анализ нәтижелерін пациенттің жағдайын қадағалауға мүмкіндігі бар және кез келген анализдердің тағайындаудың қажеттілігін түсіндіре алатын тек емдеуші дәрігер бағалай алады.
3. Нәжіс:
Ішекті дисбактериозға, копрограммаға материал (нәжіс), ішекқұрт жұмыртқаларына және қарапайымдарға зерттеулер антибактериалды және химиятерапиялық препараттармен емделу алдында жиналады. Зерттеу үшін жаңадан шығарылған нәжісті жинайды.
Зерттеуге 3-4 күн қалғанда іш жүргізетін препараттарды, майсана және вазелин майларын қабылдауын тоқтату, ректалды шамдардың енгізуін тоқтату қажет. Клизмадан кейін, сондай ақ барийді қабылдағаннан кейін (рентгенді тексеруде) алынған нәжіс зерттеуде қолданбайды.
Анализді жинар алдында унитазға несеп шығарыңыз, содан соң кәдімгі нәжіс шығару арқылы нәжісті таза ыдысқа жинаңыз, нәжістің соңғы бөлшегін жинаған жөн (несеп араласып кетпеуін бақылаңыз). Ыдыс алдын ала тазартылады, қайнаған сумен бірнеше рет жақсылап жуылады және ыстық сумен шайылады.
Нәжіс таза, бұралмалы қақпағы мен контейнердің 1/3 бөлігінен артық аспайтын қасығы бар бір реттік контейнерге жиналады. Материал зертханаға анализді жинаған сәттен 3 сағаттан кеш болмайтын уақытта жеткізіледі, биоматериалды қабылдау кестесіне сәйкес (08:00-ден 10:00-ге дейін). Белгіленген уақыт аралығында материалды суықта (температура +2 +8. Қатқызбау!) ұстаған жөн.
Контейнерде сіздің аты-жөніңізді, инициалдарды, тұған күніңізді, күнін және материалды жинау уақытын жазу қажет, жазба түсінікті болуы керек. Жолдама бланкінде міндетті түрде диагноз, аурудың басталған күні мен антибиотиктерді қабылдау туралы ақпарат жазылуы тиіс. Материалды алу барысында стерильдікті сақтау қажет. Мүмкіндігінше материалды зерттеуге жинау антибиотиктерді тағайындар алдында жасалуы тиіс (егер мүмкін болмаған жағдайда препаратты тек 12 сағаттық тоқтатудан кейін).
Орындауға міндетті шарттар:
-
Қатқыздыру болмайды;
-
Ұзақ уақыт сақтау болмайды (3 сағаттан астам уақыт);
-
Еш көліктік орта жағымсыз;
-
Контейнер қақпағының ашық болуын болдырмау;
-
Ең соңғы уақытта жиналған биоматериал зерттеуге жатпайды.
4. СПЕРМОГРАММА:
Биоматериалды жинау қағидалары және эякулятты зерттеуге дайындау
Маңызды! Биоматериал 48 сағаттан кем болмайтын және 7 күннен аспайтын жыныстық ұстамдылық уақытта тапсырылады. Бұл кезеңде алкоголь, дәрі-дәрмектерді (ерекшелік: дәрігер тағайындаған өмір үшін маңызды тұрғылықты қабылдауға арналған дәрілік препараттарды тоқтатуға болмайды) қабылдауға болмайды, монша, немесе сауға баруға және УВЧ әсеріне шалдығу боламайды. Қайта зерттеу барысында, жасалған нәтижелердің ауытқуын төмендетуі үшін ұстамдылықтың мүмкіндігінше бірдей кезеңдерін қою қажет.
1. Зерттеудің жасауын биоматериалды қабылдағаннан кейін 1 сағаттан астырмай басталуы керек.
2. Эякулятты мастурбация арқылы алады. Пластикті контейнерге жиналады. Сперманы жинау үшін мүшеқапты қолдануға тыйым салынады (мүшеқаптарды жасау барысында қолданылатын заттар сперматозоидтердің қозғалу қабілетіне әсер етеді).
3. Контейнерде аты-жөнін, эякулятты алған күні мен нақты уақытын жазу керек.
4. Көлікпен тасымалдау барысында сперманы +27°С...+37°С. температурасында сақтау қажет.
5. Егер мастурбация ойдағыдай өтсе, бірақ эякулят шықпаса (еркектің үнемі шықпаған жағдайда, ретроградты эякуляцияның бар-жоғын анықтау қажет болғанда, яғни эякуляттың қуыққа кетуі), бірден несеп шығарып, анализге барлық алынған несепті жеткізу қажет. Бұл жағдайда анализ «Спермограмма» болып тіркелмей, жолдама бланкінде «Несепте сперматозоидтердің бар-жоғын белгілеу» деген жазбасы бар «Несептің жалпы анализі» ретінде тіркеледі.
5. ГАСТРОПАНЕЛЬ:
Тексеру емшарасына дайындық.
- Зерттеу ашқарынға өткізіледі (таңертең 8-12 сағаттық түнгі аш болудан кейін)
- Зерттеуге дейін 4 сағат аралығында шылым шекпеу қажет.
- Асқазан сөлінің секрециясына әсер ете алатын препараттарды санамағанда, дәрігер тағайындаған кәдімгі дәрілерді қабылдау барысында зерттеуді жүргізуге болады:
1. Зерттеуді өткізу алдында 1 апта бұрын (дәрігердің консультациясын алғаннан соң) асқазан сөлінің секрециясын төмендететін дәрі-дәрмектердің қабылдауын тоқтату қажет, олар: ранитидин, фамотидин, низатидин, Pepcidin, Zantac, Nizax, Ranimex, Esofex, Losec, Lanzo, Somac, Ranixal, Ranil (және препараттар-синонимдер), протонды помпа ингибиторлары (лансопразол, омепразол, пантопразол, эзомепразол, рабепразол және т.б.);
2. Зерттеуді өткізу алдында 1 күн бұрын асқазан тұз қышқылдығын бейтараптандыратын дәрі-дәрмектердің қабылдауын тоқтату қажет, олар: антацидтер (гевискон, магний сүті, ренни, және т.б.) және сілемейді қорғауға бағытталған препараттар (алсукрал, андапсин, Balancid, Prepulsid, Metropam, Librax және т.б.).
- Тиісті препараттарды уақытша тоқтату мүмкіндігі жайлы емдеуші дәрігермен ертерек кеңес алу қажет. Препараттарды тоқтату мүмкіндігі болмағанда – зерттеуге жолдамада қолданыстағы препараттарды белгілеу қажет.
- Анамнезде сояға, сүт өнімдеріне, жұмыртқаға, шоколадқа аллергиялық реакциясы бар пациенттерге ақуыз сусыны қосылған стимуляциялық үлгіні өткізбеген жөн, себебі бұл заттектер зерттеу барысында пациентпен ішке қабылданатын ақуыз стимуляторының құрамында болуы мүмкін.
Ең басында ашқарынды үлгіге қан алынады, содан кейін стимулданған гастрин-17 зерттеу үшін пациентке ақуыз сусынын немесе 1 стақан сүт, немесе 1 жұмыртқа беріледі. Бұндай ақуздың стимуляциясынан 20 минут өткеннен кейін қанның қайта анализі алынады.
Пробиркаларда пациенттің деректері мен анализ күні белгіленеді. Сонымен қатар пробиркалардың маркировкасы белгіленеді: «А» - ашқарынды (базальді) үлгіге және «С» - стимулданғанға.
СOVID-19 коронавирустық инфекцияны диагностикалауға арналған ПТР-тесті тапсыруға дайындық
1. Жұтқыншақ пен мұрыннан жағынды аш қарынға немесе соңғы тамақтанған сәттен 3 сағат өткеннен кейін алынады. SARS-Cov-2 коронавирусы эпителий жасушаларында өмір сүреді. ПТР зерттеуін жүргізу үшін инфекция жұқтырған жасушалары жеткілікті мөлшердегі жағынды алу маңызды. Тамақ жеу кезінде эпителий жасушалары шырышты қабықтан тамақпен бірге жойылып кетеді. Егер жағындыны тамақтан кейін алатын болса, пробиркаға инфекция жұқтырған жасушалардың мөлшері аз түсуі мүмкін.
2. Жағынды алардың алдында мұрынға немесе тамаққа арналған дәрі-дәрмектерді (тамшылар, спрейлер және т.б.) қолдануға болмайды. Оларды қолданғаннан кейін шырышты қабаттағы вирустың мөлшері азайып, ПТР тестінің жалған теріс нәтиже көрсету ықтималдығы артады.
3. Зерттеуге 3 сағат қалғанда тіс тазалауға, ауыз қуысын шаюға, ішуге, сағыз шайнауға тыйым салынады. ПТР-ге жағынды алу кезеңінің негізгі мақсаты - коронавирус зақымдаған жасушалары жеткілікті мөлшерде биологиялық материал алу. Ауыз қуысына арналған кез-келген тазартқышты қолдану жағындыдағы вирустың мөлшерін азайтады.
4. Жағынды алғанға дейін кем дегенде 2 күн бұрын алкогольден бас тарту қажет. Алкогольдің құрамында этил спирті (этанол) болғандықтан, ол антисептикалық агенттерге жатады, сондықтан да алкогольді ішкеннен кейін алынған жағындыдан коронавирусты анықтау ықтималдығы төмен болуы мүмкін.
Маңызды! Инструкциялардың орындалмауы зерттеудің қате нәтижелеріне әкеп соқтырады!