Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасының бас мейірбикесі мен BLS/ASLS бойынша нұсқаушысы Алматыда шеберлік сағатын...

ҚР ПІБ МО ауруханасының бас мейірбикесі мен BLS/ASLS бойынша нұсқаушысы Алматыда шеберлік сағатын өткізді

ҚР ПІБ МО ауруханасының бас мейірбикесі мен BLS/ASLS бойынша нұсқаушысы Алматыда шеберлік сағатын өткізді ҚР ПІБ МО ауруханасының бас мейірбикесі мен BLS/ASLS бойынша нұсқаушысы Алматыда шеберлік сағатын өткізді ҚР ПІБ МО ауруханасының бас мейірбикесі мен BLS/ASLS бойынша нұсқаушысы Алматыда шеберлік сағатын өткізді

ҚР ПІБ МО ауруханасының бас медбикесі Ләззат Ахмединова мен Ғылым және геронтология бөлімінің бас маманы,  BLS/ASLS бойынша нұсқаушы Ақмарал Сүлейменова Алматы қаласындағы Қазақ Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына іссапармен барып, шаруашылық бикесі мен буфетшілерге семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларға сервис-менеджменттің негізгі концепцияларын және әдістерін таныстыру, сондай-ақ пациенттерге қызмет көрсету сапасын арттырып, медициналық мекемелердің жұмысын жүйелеу мақсатында қабілет-дағдыларын арттыру.

Семинар-тренингте медициналық мекемелердегі қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етуде шаруашылық бикелері мен буфетшілер қызметінің қаншалықты маңызды екені негізге алынады. Сонымен қатар іс-шарада теориялық дәрістермен қатар, практикалық жаттығулар өткізілді, кейстерді талқылау және тәжірибе жүзінде қызмет сапасын қалай жақсартуға болатыны туралы стратегия дайындалды.

2 күнге созылған семинар-тренинг кезінде қатысушылар медициналық мекемелерде қызмет көрсету негіздерін үйреніп, коммуникациялық қабілеттерді, жұмыс және ұйымдастыру процесін бақылау, топтық және көшбасшылық қабілеттерді дамыту дағдыларын меңгерді. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.