Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасында қытайлық профессор эпилепсиямен ауыратын науқасқа роботпен күрделі операц...

ҚР ПІБ МО ауруханасында қытайлық профессор эпилепсиямен ауыратын науқасқа роботпен күрделі операция жасады

ҚР ПІБ МО ауруханасында қытайлық профессор эпилепсиямен ауыратын науқасқа роботпен күрделі операция жасады ҚР ПІБ МО ауруханасында қытайлық профессор эпилепсиямен ауыратын науқасқа роботпен күрделі операция жасады ҚР ПІБ МО ауруханасында қытайлық профессор эпилепсиямен ауыратын науқасқа роботпен күрделі операция жасады ҚР ПІБ МО ауруханасында қытайлық профессор эпилепсиямен ауыратын науқасқа роботпен күрделі операция жасады

ҚР ПІБ МО ауруханасында қытайлық дәрігерлер «Интеграцияланған навигация мен жасанды интеллектісі бар операциялық нейрохирургиялық роботты пайдалану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Қытайдан келген медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары білікті нейрохирург дәрігер Шан Юнчжи операциялық нейрохирургиялық роботты тәжірибеде басқарудың қыр-сыры мен артықшылықтарын көрсетті. Жасанды интеллектісі бар роботпен алғашқы операцияны қытайлық профессор өзі жасады. Ол – эпилепсиямен ауыратын науқасқа күрделі нейрохирургиялық операция. Яғни мидың биоэлектрлік белсенділігін тіркеу арқылы оның функционалдық жағдайын зерттеу үшін электроэнцефалографиялау, яғни инвазивті электродтарды имплантациялау. Ал келесі терең ми ісігінің екінші биопсиясына жасалған операцияны ҚР ПІБ МО ауруханасы Нейрохирургия бөлімшесінің жоғары санатты нейрохирург дәрігері Талғат Ермеков бастаған дәрігерлер жүргізді. Екі операция да сәтті өтті.

 

Сондай-ақ нейрохирургиялық роботпен операция жасаудың шеберлік сабағына Астана, Алматы қалаларынан және Қарағанды, Қостанай облыстарынан да білікті дәрігерлер қатысты. Әлемдік медицинадағы соңғы жаңалықтарды аурухана тәжірибесіне енгізу және науқастарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында операциялық нейрохирургиялық роботты пайдалану тәсілін аталған өңірлер де пайдалануды жоспарлап отыр.

Халықаралық эпилепсия күні қарсаңында жасанды интеллектісі бар роботпен жасалған операция әлемде ең кең таралған осы неврологиялық ауруды емдеу мен күресуге серпін беретін жаңаша тәсілдің бірі екенін ескерген жөн. Сондықтан аталған шеберлік сабағы тек қана ҚР ПІБ МО ауруханасында ғана емес, өңірлердегі дәрігерлерге де эпилепсиямен ауыратын науқастарға көмектесуде жаңа жол ашады деген жоспар бар.