ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Астана медицина университетінің BGI Genomics (ҚХР) компаниясы арасында қол қойылған Меморандумды жүзеге асыру шеңберінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, аурухана директоры Рустам Албаев, Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Надыровтың қатысуымен BGI Group вице-президенті Нинг Ли мырзамен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстанда ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Астана медицина университеті базасында геномдық зерттеулер институтын құру жөніндегі жобаны іске асырудың алдын ала уағдаластық мәселелері талқыланды. Геномдық зерттеулер институтының қызметі әлеуметтік маңызы бар аурулардың кең спектрін диагностикалау мен емдеуде геномдық технологияларды әзірлеуге, енгізуге және жетілдіруге, сондай-ақ қазақстандық генетик дәрігерлерді оқытуға бағытталатын болады.
ҚР ПІБ МО ауруханасы осы саладағы зерттеулер үшін дайын алаң ұсынуға әзір. Айта кету керек, Қытаймен ынтымақтастық Қазақстандағы генетикалық зерттеулердің диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, жабдықты тікелей өндірушіден жаңартуға мүмкіндік береді. Пренатальды скринингтің контингенттік моделін енгізуге, орфандық аурулардың детекциясын жақсартуға, сондай-ақ осы салада ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.