Дүниежүзілік ұйқы күні алғаш рет 2008 жылы атап өтілді. Бұған Халықаралық ұйқы медицинасы қауымдастығындағы халықаралық ұйқы комитеті бастамшылық етті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, ересек адамға күніне алты-сегіз сағат ұйқы керек. Ұйқының дұрыс болмауы денсаулыққа, оның ішінде көңіл-күйге, күш-қуатқа, қартаю процесіне және жалпы өмір сапасына әсер ететіні белгілі.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында ұйқы бұзылуының скринингтік диагностикасына (респираторлық мониторинг) арналған «Ұйқы зертханасы» жұмыс істейді. Онда дәрігерлер қорылдау, апноэ синдромымен ауыратын пациенттерді емдейді. Ұйқының обструктивті апноэ синдромының белгілері: қатты, үзік-үзік қорылдау, ұйқы кезінде тыныс алу бұзылыстары, мазасыз ұйқы, түнде әжетханаға жиі бару, күндіз ұйқы келуі, артериялық гипертония, артық салмақ жне есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Аталған ауру белгілерімен күресуге ұйқы зертханасындағы Авто-СИПАП аппараты көмектеседі. Ол тыныс алудың әр түрлі параметрлеріне мониторинг жүргізеді және ұйқының обструктивті апноэ синдромын емдеуде нақты уақыттағы тиімді емдік қысымды автоматты күйге келтіруді қамтамасыз етеді.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігері Әлфия Абжанова - Функциялық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі. Маманның еңбек өтілі – 35 жылдан асады. Ол Ұйқы зерханасы ашылғалы бері пациенттерді емдеуге атсалысып келеді. Бұл ретте дәрігер ұйқы дұрыс болуы үшін оның маңызына тоқталып өтті.
- Ұйқы дұрыс болуы үшін организмді бір уақытта тұрып, бір уақытта жатуға үйрету керек
- Смартфонды ұйқыға дейін 1-2 сағат бұрын пайдаланбауға дағдылану керек
- Бөлмені ұйықтар алдында желдету керек
- Ортопедиялық матрас пен жастықта ұйықтау керек.