COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалауға арналған уақытша ПТР зертханасы
Зертхана туралы
COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалауға арналған уақытша ПТР зертханасы 2020 жылдың 1 сәуірінде ашылды. ПТР әдісі – жаңа SARS-CoV-2 вирусын тестілеудегі алтын стандарт болып табылады. Эпидемия кезеңінде зертханада COVID-19 вирусын ПТР әдісімен анықтау мақсатында 100 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Зертхана Алматы қаласының ҚДСҰО СЭСжМҒПО филиалының вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс-зертханасымен бірге зертханааралық салыстыру сынақтарын жүргізеді, сондай-ақ 2020 жылы ПТР әдісімен SARS-CoV-2 анықтауға қатысты зертхананың тиімділігін бағалау бойынша ДДҰ бағдарламасына қатысты.
Зертхананың қызметтері
Сонымен қатар зертхана коронавирустық инфекцияны диагностикалаудың келесі қосымша әдістерін қолданады:
-
SARS-CoV - 2 (S, N - ақуыздарға) IgG антиденелерін сандық анықтау
-
SARS-CoV - 2 (S, N - ақуыздарға) IgM антиденелерін сандық анықтау
-
SARS-CoV-2-ге IgG/IgM антиденелерін сапалық анықтау (Экспресс-тест)
-
SARS-CoV-2-нің RBD доменін бейтараптандыратын антиденелерді сандық анықтау (nCOV-Nab, вакцинадан кейінгі антиденелер)
- SARS-CoV-2 коронавирус антигенін анықтауға арналған иммунохроматографиялық экспресс-тест
ПТР-тестілеуге биоматериалды алу пунктінің жұмыс кестесі
Дүйсенбі - сенбі: сағ. 08:00-ден 13:00-ге дейін, 14:00-ден 19:00-ге дейін.
Жексенбі – демалыс.
ПТР тестілеуге биоматериалды алу пункті F блокта орналасқан (көшеден кіреді, Аурухананың орталық кіреберісінің сол жағында).
Талдау нәтижелерін алу:
ҚР азаматтары COVID-19 ПТР әдісімен зерттеу нәтижесін e-Presidentionalhospital мобильді қосымшасы арқылы ала алады. Қосымшаны AppStore және PlayMarket-те тегін жүктеп алуға болады. Әрі қарай жұмыс істеу үшін ЖСН мен талдау кезінде көрсетілген телефон нөмірін көрсете отырып, қосымшада тіркелу қажет. Нәтиже бланкісінде қолтаңба мен мөрдің күші бар QR-код, сондай-ақ ағылшын тіліндегі нұсқасы болады.
Зерттеу нәтижесін ағылшын тілінде алу үшін талдауға келген кезде төлқұжатты ұсыну қажет.
СOVID-19 коронавирустық инфекцияны диагностикалауға арналған ПТР-тесті тапсыруға дайындық
1. Жұтқыншақ пен мұрыннан жағынды аш қарынға немесе соңғы тамақтанған сәттен 3 сағат өткеннен кейін алынады. SARS-Cov-2 коронавирусы эпителий жасушаларында өмір сүреді. ПТР зерттеуін жүргізу үшін инфекция жұқтырған жасушалары жеткілікті мөлшердегі жағынды алу маңызды. Тамақ жеу кезінде эпителий жасушалары шырышты қабықтан тамақпен бірге жойылып кетеді. Егер жағындыны тамақтан кейін алатын болса, пробиркаға инфекция жұқтырған жасушалардың мөлшері аз түсуі мүмкін.
2. Жағынды алардың алдында мұрынға немесе тамаққа арналған дәрі-дәрмектерді (тамшылар, спрейлер және т.б.) қолдануға болмайды. Оларды қолданғаннан кейін шырышты қабаттағы вирустың мөлшері азайып, ПТР тестінің жалған теріс нәтиже көрсету ықтималдығы артады.
3. Зерттеуге 3 сағат қалғанда тіс тазалауға, ауыз қуысын шаюға, ішуге, сағыз шайнауға тыйым салынады. ПТР-ге жағынды алу кезеңінің негізгі мақсаты - коронавирус зақымдаған жасушалары жеткілікті мөлшерде биологиялық материал алу. Ауыз қуысына арналған кез-келген тазартқышты қолдану жағындыдағы вирустың мөлшерін азайтады.
4. Жағынды алғанға дейін кем дегенде 2 күн бұрын алкогольден бас тарту қажет. Алкогольдің құрамында этил спирті (этанол) болғандықтан, ол антисептикалық агенттерге жатады, сондықтан да алкогольді ішкеннен кейін алынған жағындыдан коронавирусты анықтау ықтималдығы төмен болуы мүмкін.
Зертхананың байланыс құралдары
КДЗ меңгерушісі: +7 (7172) 70 - 80 - 52
Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының басшысы: +7 (7172) 70 - 81 - 34
КДЗ тіркеу орны: +7 (7172) 70-80-61
Уақытша ПТР-зертханасының тіркеу орны: +7 (7172) 70 - 78-80, абоненттің ішкі нөмірі 73-94
Микробиологиялық зерттеулер бөлімінің тіркеу орны: +7 (7172) 70 - 79 - 48