Басты бетДоктор Агишеваның күлімдеген күлкісі

Доктор Агишеваның күлімдеген күлкісі

Бүгін біз Президенттік клиниканың УДЗ дәрігері Дания Агишева туралы баяндаймыз.

Дания бізге өзінің қалай УДЗ дәрігері болғаны туралы әңгімелеп берді. Оның оқиғасы бастауыш мектепте басталған екен:

«Мен өз жұмысымды қатты жақсы көремін. Өте қатты десем де болады. Жалпы, медицинаға мектеп оқушысы болған кезден келдім. Біздің үйде анамның жақын құрбысының қызы тұрды, ол - гинеколог. Ол кезде ол студент болған.

Әлі есімде, мектепте оқитынмын. Бәлкім, 4-5 сыныпта оқимын ба екен. Сол кездің өзінде оның «Акушерия және Гинекология» оқулығын алып, тығылып қарап отыратынмын. Менің ойымша, мен сол кездің өзінде дәрігер болғым келген сияқты.

Анам патологоанатомияда зертханашы болып жұмыс істеді. Ол кезде Абылай хан көшесіндегі патологоанатомиялық бюросы ашылған болатын. Онда туа біткен ақаулары бар ұрықтар сақталатын банкалар тұратын. Оларға арнайы бальзамдар жағатын. Қыздардың біреуі көріп қойып оларды, мені де қарауға шақырған. Сол кезден бастап мен медицинаға ынтық болдым. Өзім үшін акушер-гинеколог боламын деп шештім.

Содан кейін нақты шешім қабылдау үшін медициналық колледжге түстім. 2-ші курстан кейін-ақ медициналық академияға баратыныма сенімді болдым. Колледжді бітіріп, акушер болдым, содан кейін институтқа түстім. 4-5 курста «Акушерлік және Гинекология» пәні басталған кезде, ақырын кесарь операциясына қатыстып жүрдім.

Астана Елордаға ауысқан кезде, бізге Алматыдан Раушан Ибжанқызы Рахымжанова келді. Ол сәулелік диагностика бойынша интернатура ашқан профессор. Ол бізді Талько Лариса Александровна беретін дәрісті тыңдауға шақырды. Осы дәрісті тыңдағаннан кейін, ультрадыбыстық зерттеуші болғым келді, тек жүкті әйелдерді қарайтын ультрадыбыстық дәрігер, яғни пренаталды диагностика маманы.

Мен датчикті бірінші рет қолға алғаным әлі есімде, ол мен үшін ерекше жағдай болды! Науқаспен жалғыз қалғанда, тексеру басталмай жатып, картинканы шығара алмай жатқанда түсінесің. Сол кезде мейірбике: «Дания Рамильевна, көрінбейді ме? Әйелді біраз серуендеп келуге жіберейік пе? - деп сұрады».

Ол серуендеуге кетті, ал менің арқам болса су болып кетіпті... Бұл мен үшін сондай стресс болды! Бірақ мұның бәрі осы сәттен басталды. Біртіндеп бір маманданудан, содан кейін екінші маманданудан өттім. Содан кейін үнемі әдебиеттерді оқитын болдым. Бұл өзіңе құйған үлкен үлес.

10-11 жыл бұрын, алғаш бастаған кезімде, пренаталды диагностика онша дамымаған болатын. Біз көп нәрсені білмедік: сондықтан көп оқып, үлкендердің біреуінен көрсетуді, үйретуді сұрауға тура келді.

Осыншама жылдан кейін мен өзімді басқа мамандықта елестете алмаймын, себебі өз мамандығымды өте жақсы көремін!»

Біз Данияның отбасы және бос уақытын қалай өткізетіні туралы білуді шештік:

«Менің жұбайым бар, ол әскери адам. Біздің екі баламыз бар. Қызымыз 17 жаста, ол өнер колледжінде оқиды, сурет салады. Ұлымыз 13 жаста, ол мектеп оқушысы. Ол спортпен айналысады, дзюдоға барады.

Менің бос уақытым жоқ, тек демалыс күндері болмаса. Кешке жолдасым екеуіміз бірге жаяу жүреміз, салауатты өмір салтын ұстанамыз. Сенбі-жексенбі күндері әрқашан табиғатқа шығуға тырысамыз, пикникке барғанды жақсы көреміз. Негізінен Павловка мен Бурабайға барғанды ұнатамыз.

Бірде біз мамыр айында бәйшешек алаңына бардық. Мен мұндайды ешқашан көрмеппін. Мен гүлдерді өте жақсы көремін және бұл картина менің есімде қалды».

«Менің айтарлықтай ұстанымым жоқ. «Егер солай болу керек болса, солай болады» - деген сөзді есімде ұстаймын. Бұл принцип маған өмірде де, медицинада да көмектеседі».

улыбка врача-21.png