Күн сайын біз қайталанатын істерді орындау кезінде, тіпті ол туралы бәлендей ойланбай-ақ орындаймыз, өйткені бұл бізге ерекше қиындық туғызбайды. Ғимаратқа кіру, дүкенге бару немесе дәретханаға бару деген сияқты. Алайда, мұндай әрекеттерді жасау, әсіресе ғимараттар жобалау кезінде барлық адамдардың қажеттіліктері ескерерілмеген жағдайда, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін үлкен проблема болуы мүмкін.
Өкінішке орай, мұндай қиындықтарды басынан өткермеген адамдар бұл туралы ойланбайды. Мүгедектер үшін күнделікті істерде кездесетін қиындықтар туралы хабардар болу үшін әлем бойынша 3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күні болып бекітілген.
ДДСҰ мәліметтері бойынша бүкіл әлем бойынша қандай да бір түрдегі мүгедектігі бар 1 миллиардтан астам адамдар бар, бұл халықтың шамамен 15% құрайды. Бағалаулар бойынша бұл сан демографиялық үрдіс пен созылмалы аурулардың салдарынан ұлғая түсетін болады.
Жыл сайын маңызды мәселелер туралы хабардарлықты арттыру үшін халықаралық мүгедектер күнінің тақырыбы анықталады. Биылғы жылғы тақырып: «Мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып, пандемиядан кейінгі инклюзивті және тұрақты әлем жолында» деп аталады. Себебі, мүгедектер COVID-19 пандемиясының салдарынан пропорционалды емес дәрежеде көп зардап шекті.
Бүгін біз Президенттік клиниканың пациенттеріне қалай қамқорлық жасайтынымыз туралы бірнеше мысал келтіргіміз келеді.
Ғимаратқа кіре берісте баспалдақпен ыңғайлы және қауіпсіз жүру үшін тұтқалары бар пандустар орнатылған
Ауруханада сіз арнайы қызметкерлерден мүгедектер арбасын қолдана отырып, сізді кеңсеге алып баруды сұрай аласыз
Ауруханада әр блоктың әр қабатында мүгедектер үшін арнайы жабдықталған дәретханалар бар
Қалпына келтіру емі және оңалту орталығында пациентті бассейнге қауіпсіз орналастыру үшін арнайы көтергіштер орналастырылған. Бассейннің бүкіл периметрі бойынша суда ыңғайлы жүру үшін тұтқалар бар.