Президенттік клиникада бір аптадан бері барлық тұлғалар үшін жалпы маскалық режим басталды. Дәрігерлер мен мейірбикелер үшін маска – жұмыс дресс-кодының бір бөлігі, ал клиникалық емес қызметкерлер – кадрлар бөлімі, бухгалтерия, заңгерлер, экономистер, күзет, қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша маскалар киді.
Екі фотосуретке көз жүгіртіңізші, клиниканың екі блогының қызметкері – медициналық және клиникалық емес. Хирург – арнайы респираторлық маска (көп рет қолданылатын, оны өңдеуге және одан әрі киюге болады), қызметкер – әдеттегі, бір рет қолданылатын (қолдану мерзімі – тек екі-үш сағат) маска киген.
Әдетте бір реттік масканы кию уақыты нақты жағдайға байланысты. Біздің қазіргі жағдайымызда масканы әр 2-3 сағат сайын ауыстыру керек. Егер өзіңізді түтіннен қорғағыңыз келсе, онда 6 сағатқа дейін киюге болады. Егер маска суланған болса, оны бірден ауыстыру керек.
Медициналық респираторлар жақсы сүзеді, олар теріге тығыз жабысады және оларды қайта қолдануға болады. Оларды көбінесе карантин кезеңінде медицина қызметкерлері пайдаланады. Біздің Ауруханада карантин кезінде әкімшілік блок қызметкерлерінің басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеп жатыр. Маска – әр адам үшін қойылған жалпы талап.
Қазіргі заманғы медициналық масканың түпкі атасы үш жүз жыл бұрын француз дәрігері Чарль Лорм жасаған әйгілі обаға қарсы костюм дейді. Масканың шөптер, дәмдеуіштер, сіркесулы сорғыш салынған үшкірлеу мұрын тұсына байланысты, костюмді «құс тұмсық» деп атап кеткен. Қазіргі біздің көзіміз үйренген заманауи маскалар тек 19 ғасырдың соңына қарай пайда болып, қарапайым адамдардың өміріне Бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында испан тұмауы, «испанка» кезінде енген.
Азияның көптеген елдерінің, мысалы, Қытай, Жапония, Вьетнам тұрғындары үшін, ауру кезінде масканы кию – әлеуметтік этикет. Ол адамдарға инфекциялардың таралуының негізгі көздері – мұрын мен ауызға жөнсіз қол тигізбеуге көмектеседі. Ал Covid-19 жағдайында көзге тиіспеу үшін қолғап кию ұсынылады.
Ақпарат Википедиядан алынған