Басты бет«ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ АУРУХАНАНЫҢ БАРЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНЕ ТАРАЛАДЫ»

«ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ АУРУХАНАНЫҢ БАРЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНЕ ТАРАЛАДЫ»

«ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ АУРУХАНАНЫҢ БАРЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНЕ ТАРАЛАДЫ»

Президенттік клиникадағы инфекциялық бақылау туралы Мәскеуде өткен Бүкілресейлік конференцияда баяндалды.

1.jpg

Аурухана директорының емдеу-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева мен Инфекциялық бақылау қызметінің меңгерушісі Марияш Жайсанбаева Мәскеудегі жұқпалы және жұқпалы емес аурулар эпидемиясының өзекті мәселелері бойынша Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі. Докторлар Президенттік клиникадағы инфекциялық бақылау нормалары мен олардың JCI халықаралық сапа стандартына сәйкестігі туралы айтты.

«Пациенттердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қазіргі уақытта бүкіл әлемде халыққа көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің қазіргі заманғы деңгейі аясында өте өзекті болып отыр. Инфекциялық қауіпсіздік стандарттарына, көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізу мақсатында Аурухана желдету және жылумен жабдықтау жүйелері, таза орын-жайлар кешені, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, тамақтану стандарттары мен кір жуу режимі жұмысының оңтайлы және қолайлы өлшемдеріне практикада қол жеткізу үшін зор күш-жігер жұмсауда», - деп атап өтті Президенттік клиниканың бас эпидемиологы Марияш Жайсанбаева. 

2.jpg

Дәрігердің айтуынша, Ауруханада инфекциялық бақылау принциптерін практикада іске асыру мен пәрменділігін мультидисциплинарлық команда жүзеге асырады, оған дәрігер-клиницистер, эпидемиологтар, клиникалық фармакологтар, бактериологтар, сондай-ақ экономикалық блок мамандары, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен IT-мамандар кіреді. Инфекциялық бақылау принциптері барлық бөлімшелерге, барлық персоналға және ауруханада жатқан әрбір адамға таралады.

3.jpg

«Инфекциялық бақылау командасының қамтитын сұрақтарының шеңбері кең және көп қырлы, оған  медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялармен ауырудың эпидемиологиялық анализі, бактерияға қарсы препараттарды пайдаланудың стандартталған процестері, дезинфекция және стерилдеу, санитариялық-гигиеналық жағдайлар, хирургиялық және басқа да инвазиялық араласулар, пациенттерді күту, оларды оқшаулау режимдері, тамақтану жағдайлары, медициналық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату, қолды өңдеу кіреді. Осы процестің соңғы мақсаты емдеу-диагностикалық процестің инфекциялық қаупін бағалау және тиісінше оларды азайту және жою бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүргізу болып табылады» - дейді Аурухана директорының емдеу-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева

4.jpg

Президенттік клиниканың докторларынан басқа, Бүкілресейлік конференцияның спикерлері Ресей ғылымының және практикалық Қоғамдық денсаулық сақтаудың белгілі қайраткерлері, олардың ішінде - РФ Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова, академик және Мемлекеттік Думаның депутаты Геннадий Онищенко, РФ бас эпидемиологы Николай Брико болды.

5.jpg6.jpg

ФОТО: Марияш Жайсанбаева (оң жағында) және Раушан Карабаева Мәскеудегі жұқпалы және жұқпалы емес аурулар эпидемиясының өзекті мәселелері бойынша Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция барысында.