Басты бет › РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЭТИКЕТ: ВИРУСТЫҚ ШАБУЫЛДЫҢ КӨЗІНЕ АЙНАЛМАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЭТИКЕТ: ВИРУСТЫҚ ШАБУЫЛДЫҢ КӨЗІНЕ АЙНАЛМАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЭТИКЕТ: ВИРУСТЫҚ ШАБУЫЛДЫҢ КӨЗІНЕ АЙНАЛМАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Респираторлық этикет – тұмау және ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциялар) маусымы кезінде вирустардың таралуын тоқтатуға және айналадағыларды жұқпадан қорғауға көмектесетін қарапайым мінез-құлық ережелері.

5-қарапайым ереже:

  • Ауызыңыз бен мұрныңызды жабыңыз. Жөтелгенде және түшкіргенде бір рет қолданылатын қағаз майлықтарды пайдаланыңыз. Пайдаланғаннан кейін оларды дереу қоқыс жәшігіне тастаңыз.

Майлық жоқ па? Шынтағыңызға түшкіріңіз. Егер қолыңызда майлық болмаса, жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды алақаныңызбен емес, шынтағыңыздың бүгілген жерімен жабыңыз.

  • Қолыңызды үнемі таза ұстаңыз. Қоғамдық орындарда болғаннан кейін, сондай-ақ жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз. Егер сабын болмаса, құрамында кемінде 60% спирт бар, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті қолданыңыз.

  • Бетіңізді ұстамаңыз. Лас қолмен көзіңізді, мұрныңызды және аузыңызды ұстамауға тырысыңыз. Бұл – вирустың ағзаға енуіне ең қолайлы жолдар.

  • Бетпердені (масканы) дұрыс тағыңыз. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, қоғамдық орындарда міндетті түрде бетперде тағыңыз. Ол бетіңізге тығыз жанасып, мұрын мен ауызды толығымен жауып тұруы тиіс (бүрмелері төмен қарап тұруы керек). Бетпердені әр 2–3 сағат сайын немесе ылғалданып қалған жағдайда жиірек ауыстырып тұрыңыз.

  • Ауырып қалсаңыз, үйде болыңыз. Жұмысқа, оқу орнына немесе қоғамдық орындарға бармаңыз. Егер жағдайыңыз нашарласа, міндетті түрде медициналық көмекке жүгініңіз.

Есіңізде болсын! Респираторлық этикетті сақтау - жай ғана әдептілік таныту емес, бұл әрбір адамның эпидемиологиялық қауіпсіздікке және өзгелердің денсаулығын сақтауға қосатын жеке үлесі.