Басты бет › ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН - ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚАДАМ ЖАСАҢЫЗ!

ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН - ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚАДАМ ЖАСАҢЫЗ!

ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН - ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚАДАМ ЖАСАҢЫЗ!

Қазан — сүт безі обырына қарсы күрес айы.

Сүт безі обыры (СБО) - әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Алайда ауруды ерте анықтау сәтті емделу мүмкіндігін едәуір арттырады. Өз денсаулығыңызға қамқорлық жасау, жүйелі түрде тексеруден өту және ағзадағы өзгерістерге назар аудару өміріңізді сақтап қалуға көмектеседі.

 

Қауіп факторлары

 

  • 40–50 жастан асқан жас;

  • жақын туыстарында сүт безі обырының болуы, BRCA1 және BRCA2 гендерінің тұқым қуалайтын мутациялары;

  • етеккірдің ерте басталуы және менопаузаның кеш келуі;

  • босанбау немесе алғашқы босанудың егде жаста болуы;

  • менопауза кезеңінде гормондық терапияның кейбір түрлерін ұзақ уақыт қолдану;

  • артық дене салмағы, әсіресе менопаузадан кейін;

  • алкоголь тұтыну және дене белсенділігінің төмендігі.

 

Маңызды: сүт безі обыры белгілі қауіп факторлары болмаған жағдайда да дамуы мүмкін.

 

Қандай белгілерге назар аудару керек?

 

  • сүт безінде немесе қолтық астында түйіннің пайда болуы;

  • сүт безінің көлемі мен пішінінің өзгеруі;

  • емізік ұшының ішке тартылуы, әдеттен тыс бөлінділердің, әсіресе қанды бөліндінің болуы;

  • терінің ішке тартылуы, қызаруы немесе «лимон қабығы» тәрізді өзгеруі;

  • сүт безіндегі тұрақты өзгерістер немесе жайсыздық сезімі.

 

Осындай белгілерді байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз.

 

Есіңізде болсын! Сүт безі обырының ерте кезеңдері көбінесе ешқандай белгілерсіз өтуі мүмкін.

 

Диагностика: тексерілуден уақытылы өтіңіз

 

  • Маммография – скринингтің негізгі әдісі. Ол ауру белгілері пайда болмай тұрып, сүт безіндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

  • Сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) - медициналық көрсетілімдер бойынша, соның ішінде анықталған өзгерістерді нақтылау үшін жүргізіледі.

  • Күдікті нәтижелер болған жағдайда дәрігер қосымша зерттеулер мен биопсия тағайындауы мүмкін.

 

Қазақстанда 40 жастан 76 жасты қоса алғандағы әйелдерге маммографиялық скрининг тіркелген емханасында екі жылда бір рет тегін жүргізіледі.

 

Алдын алу: өз денсаулығыңыз үшін не істей аласыз?

 

Сүт безі обырының даму қаупін толыығымен жою мүмкін емес, бірақ оны төмендетуге болады:

 

  1. Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстаңыз, әсіресе менопаузадан кейін;

  2. Дене белсенділігін арттырыңыз - аптасына кемінде 150 минут орташа қарқынды физикалық белсенділікпен айналысуға тырысыңыз;

  3. Алкогольден бас тартыңыз, өйткені оны тұтыну сүт безі обырының даму қаупін арттырады;

  4. Көкөністерге, жемістерге және тұтас дәнді өнімдерге бай, теңгерімді тамақтауды ұстаныңыз;

  5. Гормондық препараттарды дәрігердің тағайындауынсыз қабылдамаңыз. Гормондық терапияның пайдасы мен ықтимал қауіптерін дәрігермен талқылаңыз;

  6. Сүт бездеріңіздің ерекшеліктерін біліп, тексерілуден уақытылы өтіңіз. Отбасыңызда сүт безі обырының жағдайлары болса, жеке қауіп деңгейін бағалау үшін бұл трулы дәрігерге хабарлаңыз.

 

Ең бастысы - есте сақтаңыз!

Сүт безі обыры — үкім емес! Ауруды ерте анықтау сәтті емделу мүмкіндігін арттырады.

 

Өз денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз: маммографиядан белгіленген мерзімде өтіңіз, кез-келген алаңдатарлық өзгерістер байқалған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.