Басты бетЕңбек пен кәсібиліктің биік шыңы: Сауле Рыспаева «Медицина саласының құрметті медбикесі» атанды

Еңбек пен кәсібиліктің биік шыңы: Сауле Рыспаева «Медицина саласының құрметті медбикесі» атанды

Еңбек пен кәсібиліктің биік шыңы: Сауле Рыспаева «Медицина саласының құрметті медбикесі» атанды Еңбек пен кәсібиліктің биік шыңы: Сауле Рыспаева «Медицина саласының құрметті медбикесі» атанды Еңбек пен кәсібиліктің биік шыңы: Сауле Рыспаева «Медицина саласының құрметті медбикесі» атанды

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Клиникалық-диагностикалық зертханасының фельдшер-зертханашысы Сауле Рыспаева ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған байқауда жеңімпаз атанып, «Медицина саласының құрметті медбикесі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат оның медицина саласындағы ширек ғасырдан астам уақыттағы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігіне берілген лайықты баға болды.

Сауле Рыспаева еңбек жолын 1995 жылы Целиноград облыстық туберкулез диспансерінде санитар болып бастаған. 1997 жылы Ақмола медицина институтын қызыл дипломмен аяқтап, Ақмола қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бактериологиялық зертханасында еңбек етті. Білімін ұштауды ешқашан тоқтатпаған ол екі бірдей кәсіби дипломды иеленді. 2004-2005 жылдары Мейірбике ісі институтында білім алып, бакалавр академиялық дәрежесін алса, 2005-2006 жылдары аталған оқу орнын сәтті бітіріп, «Жоғары білімді мейірбике-менеджер» дипломын алды.

2015 жылдан бері ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының микробиологиялық зертханасында фельдшер-зертханашы болып жемісті қызмет етіп келеді. Пандемия тұсында ПТР зертханасын және анализ қабылдау бөлімдерін ашуға белсене атсалысып, инфекциялық диагностиканы үздіксіз жүргізуге зор үлес қосты. Ал 2024 жылдан бастап педагогикалық қызметпен де айналысып, жас мамандарға дәріс береді әрі зертханалық диагностика бойынша авторлық әдістемелік әзірлеменің иесі.

Сонымен қатар маманның жеңіске жетуіне жан-жақты қолдау білдіріп, шараға қатысуына жағдай жасағаны үшін Клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі Диана Бекахметоваға да ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғысхат табысталды.

«Медицинадағы негізгі мақсатым – өз білімім мен тәжірибемді үнемі жетілдіріп, білікті маман болу. Бұл марапат – менің ғана емес, әрқашан қолдау көрсеткен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Клиникалық-диагностикалық зертханасы ұжымының ортақ еңбегіне берілген баға. Ақхалатты абзал жандардың мерейі үстем болсын!», – дейді Сауле Рыспаева.