Басты бетРоботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының замана...

Роботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының заманауи технологиялары таныстырылды

Роботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының заманауи технологиялары таныстырылды Роботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының заманауи технологиялары таныстырылды Роботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының заманауи технологиялары таныстырылды Роботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының заманауи технологиялары таныстырылды Роботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының заманауи технологиялары таныстырылды Роботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының заманауи технологиялары таныстырылды Роботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының заманауи технологиялары таныстырылды Роботталған хирургия және дәл диагностика: журналистерге Медициналық орталық ауруханасының заманауи технологиялары таныстырылды

19 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) ұйымдастырған баспасөз туры өтті. Шара аясында медицинадағы озық технологиялар мен заманауи диагностикалық және хирургиялық шешімдер таныстырылды.

Баспасөз турына 11 бұқаралық ақпарат құралының 23 өкілі қатысты. Олардың қатарында «Хабар 24», Jibek Joly, «Еуразия» Бірінші арнасы, КТК, «МИР» телеарнасы, ҚазАқпарат, Qogam News, Qrnews, Азаттық рухы және «Время» газеті бар.

Баспасөз турының негізгі тақырыптарының бірі – ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында ортопедиялық операциялар жасау кезінде қолданылатын Mako роботталған жүйесі болды. Травматолог-ортопед Әнуарбек Кулчаров журналистерге роботталған жүйенің мүмкіндіктері мен буындарды эндопротездеу кезіндегі артықшылықтары туралы айтып берді.

«2026 жылдың басынан бері Медициналық орталық ауруханасында Mako роботталған жүйесінің көмегімен 50-ге жуық операция жасалды», – деді Ануарбек Кулчаров.

Ядролық медицина орталығында орталық жетекшісі Айгүл Сәдуакасова журналистерге заманауи радионуклидтік диагностиканың мүмкіндіктері туралы презентация ұсынды. БАҚ өкілдері сондай-ақ ПЭТ/КТ аппаратын өз көздерімен көріп, оның жұмыс істеу принципімен және онкологиялық ауруларды диагностикалаудағы мүмкіндіктерімен танысты.

Баспасөз туры барысында журналистер аурухана пациенттерімен тілдесіп, олардың ем алу тәжірибесімен танысты. Сондай-ақ мамандарға заманауи диагностика және емдеу әдістеріне қатысты сұрақтарын қойды.