Жылулық соққы - адам ағзасы жоғары температураға, жоғары ылғалдылыққа, сусыздануға, желдетудің болмауына және дененің терморегуляция жүйесінің бұзылуына ұшыраған кезде пайда болатын өмірге қауіп төндіретін жағдай. Балалар, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар, заманауи кондиционерлеу жүйелері жоқ ғимараттарда жұмыс істейтіндер және ыстық ауа райында ресми киім кию ережелерін қатаң сақтайтындар бұл мәселеге жиі тап болады.
Жылулық соққының себебіне қарамастан, асқынулардың (шок, ми мен ішкі органдардың зақымдануы және өлім) алдын алу үшін дереу білікті медициналық көмекке жүгіну керек.
Термиялық әлсіреудің (жылудан қажудың) негізгі белгілері:
- зардап шегушінің терісі суық және жабысқақ болады;
- қатты бас айналу басталады;
- әлсіздік және көру қабілетінің нашарлауы пайда болады;
- сананың бұлыңғырлануы мүмкін;
- қатты терлеу пайда болады;
- жүрек айнуы және құсу басталуы мүмкін;
- жүрек соғысы тым жиілейді;
- бұлшықет түйілуі және құрысулар кейде байқалады;
- зәрдің түсі қоюланады - сусызданудың алғашқы белгісі.
Бұлшықет түйілуі сияқты жылулық соққының алғашқы белгілерінің алдын алу үшін көбірек сұйық ішу, дене белсенділігін демалыспен біріктіру және жақсы желдетілетін немесе кондиционерленген жерде жұмыс істеу ұсынылады.
Жылулық соққысы кезінде әрекет ету алгоритмі:
- дене белсенділігін немесе жұмысты тоқтатыңыз;
- ыстық әрі бұлыңғыр бөлмеден тез арада шығу қажет, не болмаса күн көзінен тасаланып, көлеңкеге, желдетілетін немесе кондиционермен салқындатылған бөлмеге ауысу керек;
- артық және қимылға кедергі келтіретін киімдерді шешкен немесе босатқан жөн. Бұл дененің қызып кетуін азайтып, ауа айналымын жақсартады;
- маңдайына салқын сумен суланған сүлгіні немесе кез келген матаны қойыңыз;
- минералды су немесе қантты газдалған сусын емес, таза су беруді ұмытпаңыз! Сұйықтықты қалпына келтіру үшін бір-екі стақан салқын су жеткілікті
- регидрон ерітіндісі немесе изотоникалық тұзды ерітінді метаболизмді қалпына келтіруге көмектеседі.
Егер адам қатты бас ауруын, қатты құсуды, жүрек соғысының жиілеуін немесе есінен тануға жақын қалса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз.
Ыстық соққыдан кейін адам бір-екі апта бойы жоғары температураға сезімтал болып қалады.
Қарапайым ережелерді мұқият ұстану ұсынылады:
- суды аз-аздан, бірақ жиі ішіңіз. Әсіресе күн астында ұзақ уақыт болуға тура келсе, ағзада судың тапшылығына жол бермеңіз;
- күннің ең көп қызған уақытында – сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін – далада болмауға тырысыңыз және уақытша физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз;
- ашық түсті, жеңіл киім киіңіз. Денеге жабысып тұратын тар киімдерден аулақ болыңыз, өйткені кең киім ауаның еркін айналуына мүмкіндік береді;
- ыстық күндері міндетті түрде бас киім киіңіз. Ең қолайлысы – жеңіл, жиектері кең қалпақ немесе панама;
- дене қызуының шамадан тыс көтерілуіне жол бермеңіз. Салқын душ қабылдап немесе денеңізді салқындатып тұрыңыз. Өте мұздай су қолданбаған дұрыс, себебі ол қан тамырларын тарылтып, дененің уақытында терлеуіне кедергі келтіреді және артық жылудың жиналуына себеп болуы мүмкін;
- зәрдің түсі мен мөлшеріне назар аударыңыз. Сусызданудың негізгі белгілерінің бірі – зәрдің қою түсті болуы және оның мөлшерінің азаюы;
- егер сіз несеп айдайтын дәрілерді (диуретиктерді), антидепрессанттарды немесе қан қысымын төмендететін дәрілерді қабылдап жүрсеңіз, міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.
Алғашқы көмектен кейін адам өзін жақсы сезінуі мүмкін, бірақ бүйрек және жүрек асқынуларының қаупі бірнеше күнге дейін сақталады. Сондықтан, жылулық соққыдан кейін медициналық тексеруден өту ұсынылады.
Маңызды! Жылулық соққысы - қауіпті төтенше жағдай. Егер сіз жылулық соққысының ескерту белгілерін уақытында байқасаңыз, оның алдын алуға болады, бұл адамның өмірін сақтап қалады.