Басты бетМедициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлерді бейімдеу мен тәлімгерлікке ерекше көңіл бөл...

Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлерді бейімдеу мен тәлімгерлікке ерекше көңіл бөлінеді

Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлерді бейімдеу мен тәлімгерлікке ерекше көңіл бөлінеді Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлерді бейімдеу мен тәлімгерлікке ерекше көңіл бөлінеді Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлерді бейімдеу мен тәлімгерлікке ерекше көңіл бөлінеді Медициналық орталық ауруханасында жаңа қызметкерлерді бейімдеу мен тәлімгерлікке ерекше көңіл бөлінеді

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында жаңа қызметкерлердің бейімделу үдерісі мен тәлімгерлік қызметін жетілдіруге бағытталған шара ұйымдастырылды. Жиын барысында бас тәлімгер Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге арналған таныстыру бағдарламасын өткізді. Оның аясында қызметкерлер мекеменің құрылымымен, негізгі қызмет бағыттарымен және корпоративтік құндылықтарымен танысты. 2026 жылдың 23 ақпаны мен 30 сәуір аралығында аталған бағдарламаға медициналық қызметкерлер қатарынан 49 маман қатысты.

Кездесу барысында директордың хирургия жөніндегі орынбасары Берік Кайкенов медициналық этика мен деонтология қағидаларын сақтау мәселелері бойынша баяндама жасады. Ол кәсіби стандарттарды ұстанудың, жоғары қарым-қатынас мәдениетін сақтаудың және медицина қызметкерлері мен пациенттер арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

2026 жылдың 5 қаңтары мен 15 ақпан аралығында сынақ мерзімінен өткен қызметкерлермен жүргізілген жұмыстарға ерекше назар аударылды. II санатты тәлімгерлер жаңа қызметкерлердің бейімделу нәтижелерін таныстырып, тәлімгерліктің ұжымдық мәдениетті қалыптастырудағы, кәсіби жауапкершілікті арттырудағы, мамандыққа адалдықты нығайтудағы және белсенді азаматтық ұстанымды дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

Сондай-ақ сынақ мерзімін сәтті аяқтаған қызметкерлер сөз сөйлеп, ұжымға бейімделу және жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бұдан бөлек, кадр тұрақсыздығына талдау жасалып, тәлімгерлік жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырылды. Бұл жұмыстар кадрлық әлеуетті нығайтуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.