Басты бетҚазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам мейірбике Медорталық ауруханасында бас қосты

ҚР ПІБ МО ауруханасында «Денсаулық сақтаудың заманауи бағдарлары: міндеттерді табыстау, сапа және қауіпсіздік» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды іс-шара денсаулық сақтау саласының мамандарын бір алаңға жинады.

Форумды Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған ҚР ПІБ МО ауруханасы еліміздің әр өңірінен келген 170-тен астам мейіргер ісінің жетекші мамандарының басын қосты.

Конференция барысында саладағы өзекті мәселелер мен маңызды өзгерістер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерінің клиникалық құзыретін кеңейту, халықаралық озық тәжірибені енгізу және жоғары мейіргерлік білімді дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.

Пленарлық отырыс пен панельдік сессияларда қатысушылар Қазақстандағы мейіргер ісінің бүгінгі ахуалы мен даму бағытын талқылады. Сондай-ақ кеңейтілген практикадағы мамандардың медициналық көмек көрсету жүйесіндегі, әсіресе алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейіндегі рөлі, кадр даярлау және жоғары мейіргерлік білім сапасын арттыру мәселелері сөз болды.

Бұдан бөлек, пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару, медициналық қателіктердің алдын алу және мейіргерлік тәжірибеге цифрлық технологияларды енгізу бағыттарына ерекше назар аударылды.

Конференцияда Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ПІБ Медициналық орталығы, Назарбаев Университеті, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, University Medical Center және өзге де жетекші медициналық ұйымдардың өкілдері баяндама жасады. Қатысушылар әсіресе Нэнси Ститт ұсынған жоғары мейіргерлік білім беруді дамытудағы халықаралық тәжірибеге ерекше қызығушылық танытты.

Ғылыми пікірталастармен қатар, бағдарлама аясында шеберлік сағаттары өтіп, қатысушылар клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы мен Ядролық медицина орталығының жұмысымен танысты.

Конференцияның жоғары деңгейде өтуіне серіктестердің қолдауы да зор үлес қосты. Витанова, Mediland, Rogers Pharma, Asia Med Engineering және Қазақстан-Мед Дез компаниялары кәсіби пікір алмасуға және тәжірибе бөлісуге қолайлы орта қалыптастыруға атсалысты.