МҚАЖБ (ми қан айналымының жіті бұзылуы) — миға қан келуінің бұзылуымен сипатталатын жағдай. Көпшілік арасында «инсульт» деп аталады. Бұл мүгедектік пен өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі, бірақ көп жағдайда оның алдын алуға болады.
МҚАЖБ түрлері
Екі негізгі түрі бар:
• Ишемиялық инсульт — қан тамырының бітелуінен пайда болады (ең жиі кездесетін түрі)
• Геморрагиялық инсульт — қан тамырының жарылуы мен қан құйылу салдарынан болады
Негізгі белгілері (уақытында тану өте маңызды):
• бет, қол немесе аяқтың кенеттен әлсізденуі немесе жансыздануы (көбіне бір жақта)
• сөйлеудің бұзылуы
• беттің қисаюы
• тепе-теңдіктің жоғалуы
• кенеттен қатты бас ауруы
Бұл белгілер байқалса — дереу жедел жәрдем шақыру қажет!
Инсульттің негізгі қауіп факторлары:
• жоғары артериялық қысым
• қандағы қанттың жоғары болуы
• холестериннің жоғары деңгейі
• темекі шегу
• артық салмақ
• қозғалыс белсенділігінің аз болуы
Қайталама инсульттің алдын алу
МҚАЖБ-дан кейін алғашқы жылдары қайталану қаупі өте жоғары болады. Сондықтан тек ем қабылдап қана қоймай, өмір салтын өзгерту маңызды.
1. Қысымды бақылау: Қан қысымын мақсатты деңгейде ұстау — ең маңызды қорғаныс факторы.
2. Қант пен холестеринді бақылау: Тұрақты түрде тексеріліп, қажет болса дәрілік ем қабылдау.
3. Дәрі-дәрмектерді үзбей қабылдау.
4. Тамақтану:
• тұзды және майлы тағамдарды азайту
• көкөністерді, балықты және табиғи өнімдерді көбейту
5. Жеңіл тұрақты физикалық белсенділік:
• жаяу жүру
• ЕДШ (емдік дене шынықтыру)
• жүзу
6. Зиянды әдеттерден бас тарту: Темекі мен алкоголь қайталама инсульт қаупін айтарлықтай арттырады.
Маңызды! МҚАЖБ — бір реттік жағдай емес, бұл ағзадағы қан тамырларының күрделі мәселелерінің белгі.
Есіңізде болсын! Дұрыс профилактика қайталама инсульт қаупін 50–80% төмендетеді.