Ашығу – бұл белгілі бір уақыт аралығында денсаулықты жақсарту, дене салмағын азайту, діни әдет-ғұрыптарды орындау мақсатында немесе медициналық не әлеуметтік себептерге байланысты саналы түрде тағам қабылдауды шектеу немесе одан толықтай бас тарту.
Ашығу түрлері
|
Ұзақтығы бойынша |
Шектеу дәрежесі бойынша |
Мақсаты бойынша |
|
Қысқа мерзімді – 24 сағатқа дейін |
Толық – тамақтан бас тарту, су ішуге болады |
Сауықтыру - әл-ауқатты жақсарту |
|
Аралық – тамақтану және тамақтан бас тарту кезеңдерінің кезектесіп отыруы (12-16 сағат) |
Ішінара – калорияның айтарлықтай азайту немесе белгілі бір тағамдарды мүлдем тұтынбау |
Емдік (мәжбүрлі) — тек медициналық бақылаумен ғана жүргізіледі. |
|
Ұзақ — 24 сағаттан а |
|
Діни – рухани практикамен байланыст |
Ықтимал пайдасы (қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда)
- тамақтану калориясын азайту арқылы дене салмағын азайту;
- инсулинге сезімталдықты жақсарту;
- ас қорыту жүйесіне жүктемені азайту;
- тағамға қатысты саналы көзқарас қалыптастыру;
Ықтимал зияны
- дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі;
- бас айналу, әлсіздік, концентрацияның төмендеуі;
- асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының өршуі;
- гипогликемия қаупі (әсіресе қант диабетімен ауыратын адамдарда);
- ұзақ немесе жиі ашығу кезінде гормоналды бұзылулар.
Ұсыныстар
- 12-14 сағат аралықта ашығуға болады (мысалы, түнгі уақытта тамақтанбау);
- суды жеткілікті мөлшерде ішу қажет;
- үзіліс кезіндегі тамақтану толық және теңдестірілген болуы керек;
- ұсынылмайды: жүкті және бала емізетін адамдар, қант диабеті, асқазан — ішек аурулары, анемия, қарт адамдарға - дәрігердің кеңесінсіз;
- медициналық бақылаусыз ұзақ уақыт ашығу (>24 сағат) ұсынылмайды.
Ашығудың пайдасы мен зияны әр адамның денсаулығына байланысты. Созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, асқазан жарасы және басқа асқазан-ішек аурулары) дәрігермен кеңескеннен кейін ғана ашыққаны дұрыс. Медициналық білімі мен жұмыс тәжірибесі бар маман ғана қажеттілікті анықтайды және сіздің проблемаларыңызды ескере отырып, ашығудың дұрыс әдісін таңдайды.
Есіңізде болсын!
- Бұл дәлелденген пайда негізінен ұзақ уақыт тамақтан бас тартуға емес, аралық ашығуға жатады.
- Ашығу - емдеу әдісі емес. Денсаулықты сақтау үшін тұрақты, теңдестірілген тамақтану және қалыпты физикалық белсенділік маңызды.