ҚР ПІБ МО ауруханасында 2025 жылғы 21 қараша мен 31 желтоқсан аралығында жұмысқа қабылданған медициналық қызметкерлермен кездесу өтті. Іс-шараға 20 жаңа қызметкер қатысты.
Кездесуді Бас тәлімгер Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы ашып, жаңадан қабылданған қызметкерлерге арналған бағыт-бағдар беру таныстырылымын өткізді. Ол Аурухананың тарихы, миссиясы мен құндылықтары, сондай-ақ корпоративтік мәдениеті туралы айтып өтті.
ҚР ПІБ МОА директорының емхана жөніндегі орынбасары Тұңғышбаева Жазира Оразқызы медициналық этика мен деонтология қағидаларын сақтау мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ сынақ мерзімінен өткен қызметкерлермен жүргізілген тәлімгерлік жұмыстың нәтижелері қаралды. II санаттағы тәлімгерлер А. Түсіпбаев, К. Жәкенова, А. Смайылова және А. Тоқторбаева қызметкерлерді бейімдеу және корпоративтік құндылықтарды қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Іс-шара жаңа қызметкерлердің ұжымға еркін кірісуіне және бірлескен жұмыс мәдениетін нығайтуға бағытталды.