Жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына сәйкес шақырулар 4 (төрт) жеделділік санатына бөлінеді:
1-ші жеделділік санаты – өміріне тікелей қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай-күйі: есінен тану (кез-келген генез); тыныс алуының тоқтауы; жүрек қызметінің тоқтауы; тыныс алу жолдарындағы бөгде дене; щок; құрысқақ; кеуде қуысындағы ауырсыну; парездер мен плегиялар (алғаш туындаған); қан кетумен көптеген зақымданулар мен жарақаттар; қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын); ауқымды күйік пен үсік; жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы (анафилаксиялық шоктың даму қаупі); электрожарақат; қан құсу; асқынулары бар босанулар; одан әрі траспланттау үшін тіндерді (тіндердің бөліктерін), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау; төтенше жағдайлар.
2- ші жеделділік санаты – өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі: одан әрі жабырқаңқы жағдай үрдісі бар естің бұзылуы; сыртқы тыныс алудың айқын бұзылулары; жүрек ритмінің бұзылуы; гемодинамикасы тұрақсыз; шок, асқынған криз дамуының жоғары қаупі; жоғары температура; жағдайындағы бөртпе; қан кетумен оқшауланған жарақат; улы заттармен улану; атипиялық аурулар (жіті коронарлық синдромға күдіктену); жүкті әйелдердің бас ауруы; әртүрлі этиологиядағы психоз.
3 - ші жеделділік санаты – денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі: қан кетусіз оқшауланған жарақат; іштің ауруы (іштің қатты ауруы); 3 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдердегі 38º С жоғары температура; физиологиялық босанулар; жүкті әйелдердің іш ауруы (жүктілікті тоқтату қаупі); балалардағы шектелген күйік пен үсу; құсу + сусызданудың ауыр белгілерімен сұйық нәжіс№
4- ші жеделділік санаты (емхананың жұмыс уақытынан тыс уақытта)– жіті ауруынан немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі: жіті аурулар немесе өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы; терінің және теріастының жіті қабынған және аллергиялық аурулары; жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара); созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы; құсу + сусызданудың жеңіл белгілерімен сұйық нәжіс; жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін); несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы; қан аралас несеп; босанулардан, жасанды түсіктерден кейінгі қабыну аурулары; тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер; медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар; жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы; артериялық гипертензия (криздің асқынуынсыз); өздігінен түспейтін жоғары температура.
ЖМЖ бөлімшесінің диспетчері тәулік бойы ҚР ПІБ МО-ға тіркелген халықтан, азаматтардың жекелеген санатынан 70-79-03, 70-79-04 пультіне шақырулар қабылдайды.
- 1, 2, 3 санаттағы шақыру түскен кезде диспетчер шақыруды ЖМЖ бөлімшесінің бригадаларына береді.
- Емхананың жұмыс уақытында 4-санаттағы шақыру түскен кезде шақыру үйде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін МО ауруханасының емханасындағы мобильді бригадаға беріледі.
- Емхананың жұмыс уақытынан тыс уақытта, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, жеделділіктің 4-санатындағы шақыруға ЖМЖ бөлімшесінің бригадалары қызмет көрсетеді.
Жеделділіктің 4-санатындағы шақыруға пациенттің тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуіне қарамастан нақты болу орны бойынша қызмет көрсетіледі.
Ауылдық елді мекендерде ЖМЖ шақыруларына қызмет көрсету үшін қаланың ЖМЖ аудандық кіші станциясының диспетчері жақын маңдағы медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөліктерін тартады.
Білу маңызды! ЖМЖ бригадасы қызмет көрсету кезінде дәрілік заттарға рецепт жазып бермейді, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейді, қайтыс болу фактісін куәландырмайды және қайтыс болу туралы қорытынды бермейді, алкогольдік және есірткілік масаңдық жағдайын куәландырмайды.
ҚР ПІБ МО ауруханасы өмірге қауіп төндірмейтін жағдайлар кезінде шақыруларға емхана қызмет көрсететінін хабарлайды (жеделділіктің 4-санатындағы шақырулар):
жұмыс күндері – сағат 8.00 - ден 18.00-ге дейін.
сенбі күндері сағат 8.00 - ден 12.00-ге дейін.
Емхана телефондары: 70-79-08, 70-80-60, 70-80-90, ұялы:8 702 006 56 56
Есіңізде болсын!
ЖМЖ-ді негізсіз шақыру бригадаларды өмірге қауіп төндіретін жағдайдағы пациенттерге көмек көрсетуден алаңдатады, бұл аурудың нәтижесіне және өлім-жітім қаупіне тікелей әсер етуі мүмкін. Жедел жәрдем шақыруға жауапкершілікпен қарау уақтылы көмек көрсетуге және оған мұқтаж адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.
ЖМЖ бригадасын негізсіз шақыру (жедел жәрдем шақыруға көрсетімдер болмауы) ағымдағы тәртіппен талданады және жұмыс орны бойынша беріледі.