Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы бірыңғай медициналық ахуалдық колл-орталығын іске қосты

ҚР ПІБ Медициналық орталығы бірыңғай медициналық ахуалдық колл-орталығын іске қосты

ҚР ПІБ Медициналық орталығы бірыңғай медициналық ахуалдық колл-орталығын іске қосты

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы бірыңғай медициналық ахуалдық колл-орталықтың жұмысын бастағанын хабарлады. Қызметтің бірыңғай қысқа нөмірі – 7071.

Енді Медициналық орталық ауруханасы немесе Ұлттық госпиталь ұсынатын медициналық қызметтер, қабылдау тәртібі, дәрігерлердің жұмыс кестесі, консультацияға жазылу және диагностика мүмкіндіктері туралы ақпаратты 7071 нөмірі арқылы алуға болады.

Операторлар түскен өтініштерді жедел қарап, тиісті бөлімшелерге бағыттайды.

Бірыңғай колл-орталық Медициналық орталық құрылымындағы ұйымдардың байланыс арналарының жұмысын біріздендіріп, тіркеу бөлімдерімен, ресми сайтпен, мессенджерлермен, чат-боттармен, диспетчерлік қызметтермен және шұғыл көмек жүйесімен ықпалдастырылған.

Алдағы уақытта қашықтан көрсетілетін медициналық кеңес беру мүмкіндіктерін кеңейту және бейнеконференция арқылы қызмет көрсету тетіктерін дамыту жоспарлануда.