
ҚР ПІБ МО ауруханасында Қантамыр хирургиясы бөлімінің жанынан ашылған Диабеттік табан орталығы 2023 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда стационарлық бөлім және заманауи ангиографиялы операциялық бөлме бар, сонымен қатар пациенттерге амбулаториялық-консультациялық қызмет көрсетіледі.
«Диабеттік табан» дегеніміз - қант диабетіне шалдыққан науқастардың дерті асқынған кезде пайда болады.
«Диабеттік табан» синдромының негізгі симптомдарына табанның үнемі тоңып, салқын болып жүруі, оны сезбеу, сондай-ақ жүрген кезде бұлшықеттердің ауыруы жатады. Күрделі сатысында трофикалық бұзылыстар, ұзақ уақыт жазылмай жүретін жаралар пайда болады. Мұндай кезде міндетті түрде қантамыр хирургіне көріну керек.
ҚР ПІБ МО ауруханасының «Диабеттік табан» орталығының негізгі қызметі – аяқ артерияларының созылмалы ауруы бар адамдардың аяғын ампутациялаудан сақтау. Мұнда диабеттік табан синдромы бар пациенттерді емдеудің кешенді тәсілі жүзеге асырылады. Бір пациентті емдеу үшін қантамыр хирургі, эндокринолог, кардиолог, невропатолог, хирург, травматолог-комбустиолог, рентгенолог-мамандар жұмыла жұмыс істейді. Яғни пациенттер қажетті медициналық көмектің бәрін емдеуші дәрігердің бақылауымен бір жерде алады.
Сондай-ақ «Диабеттік табан» орталығына халықаралық дәрежедегі дәрігерлер келіп, ота жасап, тәжірибесін бөлісіп тұрады. Бұл – Аурухана дәрігерлердің білімін толықтырып, біліктілігін арттыру үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар.