Басты бетЖАЗ – ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ ҮШІН «ҚОЛАЙЛЫ МЕЗГІЛ»

ЖАЗ – ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ ҮШІН «ҚОЛАЙЛЫ МЕЗГІЛ»

ЖАЗ – ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ ҮШІН «ҚОЛАЙЛЫ МЕЗГІЛ»

Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – іш өту, интоксикация және кейбір жағдайларда сусыздану дамуымен асқазан-ішек жолдарының моторикасының бұзылуымен қатар жүретін инфекциялық аурулардың көлемді тобы.

ЖІИ қоздырғыштары – бұл ішек дисфункциясын тудыруы мүмкін көптеген бактериялар, вирустар тобы. Көбінесе бактериялық ЖІИ-ден дизентериялық таяқшалар (шигеллалар), патогендік ішек таяқшалары (эшерихия), иерсиния тудыратын аурулар кездеседі. Вирустық ЖІИ ішінен ротавирустар, аденовирустар маңызды.

Инфекция көзі: ауруға шалдыққан адам немесе ЖІИ қоздырғыштарын тасымалдаушы. ЖІИ-дің жеңіл, айқын емес және симптомсыз түрлеріне шалдыққан науқастар айналасындағылар үшін ең қауіпті.

Жұқпалы кезең: аурудың алғашқы белгілері пайда болған сәттен бастап және симптомдардың бүкіл кезеңі, ал вирустық инфекция кезінде – қалпына келгеннен кейін 2 аптаға дейін.

Жұғу механизмі: тамақ, су және тұрмыстық байланыс жолдарымен фекалды-ауыз арқылы (қоздырғыш нәжістің кішкентай бөлшектерімен ауызға енген кезде); ауа-шаң жолымен сирек жұғады.

Жұғу факторлары: науқастың нәжісінен инфекцияланған тамақ, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар, кейбір инфекциялардың таралуына жәндіктер (шыбын, тарақан) себеп болуы мүмкін.

Қауіп факторлары: антисанитариялық өмір сүру жағдайлары, жеке гигиена қағидаларын сақтамау, ЖІИ қоздырғыштарымен ластанған тамақ өнімдерін пайдалану.

ЖІИ белгілері:

  • Іш өту (сұйық нәжіс), кейде нәжісте шырыш пен қан ізі болуы мүмкін.
  • Іш аймағында қатты ыңғайсыздық және іш кебу.
  • Іштің толғақ тәрізді бүріп ауырсынуы
  • Үлкен дәретке отырғысы келгендей сезіну
  • Жүрек айнуы, күніне 5-6 рет құсу
  • Іштің шұрылдауы, газдар
  • Қалтырау / температураның көтерілуі
  • Жалпы интоксикацияның көріністері (әлсіздік, бас ауруы және ауырлық сезімі, дененің ауыруы, босаңдық), ауыр жағдайларда – ақыл-есті жоғалту

ЖІИ алдын алу:

  • Жеке гигиена қағидаларын сақтаңыз, тамақтанар алдында және ас дайындамас бұрын қолыңызды мұқият жуыңыз
  • Ас үйді, тұрғын үйді және оған жақын аумақты таза ұстаңыз
  • Тек сақтау мерзімі өтпеген өнімді тұтыныңыз, азық-түлікті көп сатып алып, сақтамаңыз
  • Шикі тағамдарды пісіру қағидаларын сақтаңыз
  • Шикі және дайын өнімді сақтау қағидаларын сақтаңыз
  • Көкөніс пен жемісті жуыңыз, үстіне қайнаған су құйыңыз
  • Таза бөтелкедегі суды ішіңіз
  • Ашық су қоймаларынан суды қолданар алдында қайнатып алыңыз
  • Шомылғанда су жұтпауға тырысыңыз
  • Азық-түлік арнайы жабдықталған дүкендерден немесе базарлардан сатып алыңыз, көшедегі азық-түлік сататын жерлерден алмаңыз
  • Таныс емес саңырауқұлақты жемеңіз
  • Орынжайды шыбыннан таза ұстаңыз: олар азық-түлікке қонып, ЖІИ қоздырғыштарын тасымалдауы мүмкін
  • Азық-түлікті жәндік, кеміргіш және үй жануарлары болмайтын жерде сақтау керек

Ішек инфекциясының алғашқы белгілері пайда болған жағдайда шұғыл түрде мамандардан медициналық көмек алуға жүгіну керек!