Басты бет«ИНСУЛЬТСІЗ МИ: ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ мен АЛДЫН АЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ»

«ИНСУЛЬТСІЗ МИ: ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ мен АЛДЫН АЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ»

«ИНСУЛЬТСІЗ МИ: ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ мен АЛДЫН АЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ»

Дүниежүзілік ми күнін Дүниежүзілік неврология Федерациясы 2014 жылы белгіледі және жыл сайын 22 шілдеде атап өтіледі.

Мақсаты: неврологиялық аурулар және ми саулығының маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ инсульт сияқты қауіпті жағдайлардың алдын алу және уақытылы емдеуді қолдау.

Өзектілігі: Инсульт бүкіл әлемде өлім-жітім мен мүгедектіктің жетекші себептерінің бірі болып қала береді. ҚР ДСМ деректері бойынша Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық инсульт немесе ми қан айналымының жіті бұзылуы (МҚЖБ) тіркеледі. Мәселен, 2024 жылы зардап шеккендердің саны 49 мыңға жуық адамды құрады, оның 11,8%-ы стационарлық жағдайда қайтыс болғандар, ал тағы 6,1%-ы ауруханадан шығарылғаннан кейінгі бірінші айда қайтыс болды.

Инсульт – мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін қауіпті ауру. Алайда, көп жағдайда оның алдын алуға болады.

Инсульттің қауіп факторлары:

Өзгертілетін (әсер етуге болады):

  • Артериялық гипертензия – ең маңызды қауіп факторы.
  • Темекі шегу – қантамырларды зақымдайды және қанның ұюын арттырады.
  • Қантты диабет – атеросклероз қаупін арттырады.
  • Холестериннің жоғары деңгейі – қантамырларда түйіншек пайда болуына ықпал етеді.
  • Артық салмақ пен семіздік – жүрек пен қантамырларға жүктемені арттырады.
  • Көп қозғалыссыз өмір салты – қантамыр жүйесінің тұрақтылығын төмендетеді.
  • Алкогольді шамадан тыс тұтыну – жүрек ырғағын бұзады және қысымды көтереді.
  • Стресс және созылмалы шаршау/қажу — ЖҚ және ОН жүйелеріне теріс әсер етеді.

Өзгертілмейтін (әсер ету мүмкін емес):

  • Жас ерекшелігі – инсульт қаупі 55 жастан кейін айтарлықтай артады.
  • Жыныс - ерлерде жас кезінде, әйелдерде менопаузадан кейін қауіп жоғары.
  • Тұқым қуалаушылық – отбасында инсульт немесе жүрек ауруы жағдайы болуы
  • Инсульт немесе өтпелі ишемияның өршуі —эпизодтың қайталану ықтималдығын арттырады.

Медициналық жағдайлар:

  • Жүрекше фибрилляциясы – тромб пайда болуына ықпал етеді.
  • Атеросклероз – артерия саңылауын тарылтады.
  • Жүректің ишемиялық ауруы – инсульт қаупін арттырады.

Алдын алудың негізгі қағидалары:

  • Қан қысымын бақылау (қалыпты, сын.бағ. 130/80 мм жоғары емес).
  • Темекі шегуден бас тарту — никотин қантамырларды тарылтады және инсульт қаупін арттырады.
  • Дене салмағын бақылау - ДСИ= салмақ, кг / (бойы, м)2, қалыпты - 18-ден 25-ке дейін.
  • Дұрыс тамақтану — тұз, май және қантты шектеңіз. Көкөніс, жеміс, балықты көбірек тұтыныңыз
  • Дене белсенділігі - күніне кемінде 30 минут орташа жүктеме (жүру, жүзу, велосипед және т.б.).
  • Қант пен холестерин деңгейін бақылау (қалыпты мөлшерлері, ммоль/л: қант - 6,1, ОХ -5, ТТЛП (жаман холестерин) – 3-тен артық емес).
  • Тексеруден тұрақты өту (жылына кемінде 1 рет және көрсетімдер бойынша).

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! 2025 жылдың үшінші тоқсанынан бастап Қазақстанда 50 жастан асқан ер адамдар үшін ми қан айналымының жіті бұзылуын ерте диагностикалауға скрининг енгізіледі, бұл тексеруден тұрғылықты жері бойынша екі жылда бір рет тегін өтуге болады.