



ҚР ПІБ МО ауруханасының Мейірбикелер мектебі мен Кәсіптік білім беру бөлімі Қостанай облыстық ауруханасының базасында «Госпитальдік сервис» тақырыбында бас және аға мейірбикелерге арналған семинар өткізді.
Семинар барысында Аурухананың қауіпсіз әрі сапалы медициналық қызмет көрсету бағытындағы озық тәжірибесі таныстырылып, медициналық сервисологияның теориялық негіздері, ішкі сервис стандарттарының маңызы мен рөлі, сондай-ақ пациентке бағдарланған қызметті арттыру мақсатында кері байланыстың рөлі жан-жақты талқыланды.
Аурухананың бас мейірбикесі Ләззат Ахмединова шетелдік клиникалардағы әріптестеріміздің тәжірибесін бөлісті. Аталған медициналық мекемелерде біздің мейірбикелер кәсіби тағылымдамадан өткен еді.
Семинарға қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оқытудың проактивті форматы тиімді болғанын атап өтті. Оқыту барысында заманауи әдістер қолданылды: рөлдік және іскерлік ойындар, проблемалық оқыту, «миға шабуыл» әдісі, бейнепрезентациялар мен пікірталас форматындағы сабақтар. Әрбір қатысушы сервиске бағытталған құзыреттерді дамытуға және soft skills – тұлғалық және кәсіби икемді дағдыларды тәжірибе жүзінде жетілдіруге мүмкіндік алды.
Семинар соңында қатысушылар осындай білім беру іс-шараларына тұрақты түрде қатысуға дайын екендерін айтты.