Басты бетСАҚ БОЛЫҢЫЗ – КЕНЕ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ!

САҚ БОЛЫҢЫЗ – КЕНЕ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ!

САҚ БОЛЫҢЫЗ – КЕНЕ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ!

Көптен күткен жылу жағымды сезімдер әкеліп қана қоймай, сонымен қатар табиғатта, орманда, шөбі биік өсетін саяжайларда, саябақта серуендеу кезінде немесе тіпті шөп өсетін аулада кенеге «тап болу» қаупін тудыруы. Қазақстан қалаларындағы саябақтар үнемі кенеге қарсы өңделеді, бірақ бұл кене шағу ықтималдылығын жоққа шығармайды.

Кене әрқашан аурудың тасымалдаушысы бола бермейді – олардың шағуы көп жағдайда зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауру, соның ішінде кене энцефалитін, боррелиозды (Лайм ауруы), туляремияны және басқа инфекцияларды тасымалдауы мүмкін.

Кене жылы ауа-райы басталғанда (+5 °C) белсенді бола түседі, яғни маусым көктемде басталып, күздің соңына дейін жалғасуы мүмкін. Күн жылуымен олардың саны мен белсенділігі артып, мамыр-маусым айларында максимумға жетеді, ыстық пен құрғақшылықтың шыңында олардың саны азаяды, тамыздың аяғында - қыркүйектің басында олар қайтадан пайда болады және тек қазан айының соңында жоғалады.

Без имени1.png

Кенені мына жерлерде жиі кездестіруге болады:

  • Шөбі биік, бұталы, ылғалды, көлеңкелі жерлерде;
  • Орманның шетінде, жолдарда, су маңындағы шөпті шалғын жерлерде;
  • Күтімі жоқ саябақтар мен бақтарда;
  • Мал жайылатын жерлерде.

Кене жануардың немесе адамның иісін 10 метрге қашықтықтан дейін сезе алады. Кене адамның киіміне жабысып, дененің ашық жерлеріне (мойын, іш, басың, қолтықтың және шаптың түкті аймағы) жетеді.

Кене энцефалиті - жіті вирустық ауру, айқын интоксикациямен, жүйке жүйесінің басым зақымдалуымен бірге жүреді. Ол вирус жұқтырған иксод кенесінің теріге жабысуы арқылы, кенені мыжығанда немесе кене шаққан жерді қасығанда беріледі, вирус ерін, көз, мұрын мен ауыздың сілемейлі қабағына түссе сирек беріледі.

Кене энцефалитінің белгілері:

  • жалпы әлсіздік,
  • бас ауыруы,
  • жүрек айнуы, құсу,
  • тәбеттің төмендеуі,
  • дене қызуының көтерілуі,
  • кене шаққан жердегі гиперемия.

Кене боррелиозы - терінің, буындардың, жүйке жүйесінің, жүректің басым зақымдануымен жіті бактериялық ауру. Аурудың ерекшелігі – «көшетін эритеманың» пайда болуы, ол кене шаққан жерде пайда болады және кейіннен орнын өзгерте алады.

Кене шағудан қорғану қағидалары:

  • Шөбі биік өскен, бұталы, ылғалды, көлеңкелі жерлерге бармау
  • Шөпке отырмау (туристік кілемше немесе көрпе төсеңіз).
  • Табиғатта, саяжайда және т.б. жерлерде ұзын жеңді біркелкі ашық түсті матадан киім киіңіз, (футболканың орнына), оны шалбардың іш-қырына салу қажет, ал шалбардың балағын шұлыққа салу қажет;
  • Бас пен мойынды шарфпен, жалбағаймен жабыңыз;
  • Аяқ пен тобықтың артқы жағын толығымен жабатын аяқ киім киіңіз;
  • Киімді және денені мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз (әсіресе қолтық, құлақтың артындағы аймақ, шап, тізе, бас терісі);
  • Дененің ашық жерлері мен киімді репелленттермен өңдеңіз немесе кенеге қарсы әсер ететін қалампыр, эвкалипт, лимон, лаванда, шай ағашы, жалбыз, гүлшетен және балқарағай майларын қолданыңыз.
  • Саяхатқа көп шығатындармен Қазақстанның эндемиялық аудандарының тұрғындарына дәрігердің консультациясынан кейін тұрғылықты жері бойынша (немесе тіркелген жері бойынша) емханаларда кене энцефалитіне қарсы тегін екпе алу ұсынылады.

Егер кене шағып алса:

  1. Медициналық мекемеге жүгіну қажет;
  2. Егер медициналық көмекке жүгіну мүмкін болмаса, тұмсығын жұлып алмауға тырысып, кенені өз бетіңізше алып тастаңыз (кенеге бір тамшы май тамызып, пинцет немесе жіппен, қозғалтып, біртіндеп алып тастаңыз);
  3. Егер тұмсығы теріде қалса, оны шөгірді алғандай мұқият алып тастаңыз, орнын йодпен өңдеңіз және қолыңызды жуыңыз.
  4. Кенені жабық дымқыл мақтамен шыны ыдысқа салыңыз және инфекцияға тексеру үшін неғұрлым тезірек зертханаға жеткізіңіз.

Есіңізде болсын! Кене неғұрлым тез алынса, кене инфекциясының даму ықтималдығы соғұрлым аз болады. Кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шаққаннан кейін 96 сағаттан кешіктірмей енгізу инфекцияның даму мүмкіндігін азайтады.