Басты бетҚР ПІБ МО АУРУХАНАСЫНДАҒЫ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

ҚР ПІБ МО АУРУХАНАСЫНДАҒЫ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

ҚР ПІБ МО АУРУХАНАСЫНДАҒЫ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

Гематология – медицинаның ең күрделі, бірақ өте маңызды салаларының бірі. Қан аурулары көп уақыт бойы байқалмай жүруі мүмкін, сөйте тұра денсаулық пен өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді, дейді ҚР ПІБ МО ауруханасының гематолог-дәрігері Ермек Есжанов.

Дәрігер қан, қантүзу және лимфа жүйесі ауруларын диагностикалаумен, емдеумен және алдын-алумен айналысады. Гематология онкогематологиямен, иммунологиямен, генетикамен және трансфузиологиямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, гематолог пациенттерді сүйек кемігін ауыстыруға дайындап, отадан кейін науқастарды бақылайды.

Гематолог мынадай ауруларды емдеумен айналысады:

  • Сүйек кемігі аурулары және қантүзу жүйесі
  • Қанның қатерлі аурулары
  • Гемостаз (коагулопатия) жүйесінің бұзылуы
  • Қан мен лимфа жүйесінің басқа аурулары
  • Лимфа жүйесінің аурулары

Қазіргі күні қантүзу жүйесінің ауруларын диагностикалау айтарлықтай дамыды. ҚР ПІБ МО ауруханасында қолданылатын қазіргі заманғы аз инвазиялы әдістердің бірі – жасуша құрамын егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік беретін мықын қанатының трепанобиопсиясы және сүйек кемігінің пункциясы.

Гематологиялық көмек диагностика мен терапияның жаңа мүмкіндіктерін аша отырып, ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында белсенді дамып келеді.