2025 жылдың 14-15 ақпаны күндері Астана қаласында ҚР ПІБ МО ауруханасы және ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығы мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Аллергология мен иммунологиядағы салаарлық мәселелер» III ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Конференцияда симпозиумдар ұйымдастырылып, шетелдік және қазақстандық мамандар аллергология мен иммунологиядағы ең өзекті мәселелер бойынша пікірталас өткізіп, ересектер мен балалар арасындағы сирек кездесетін ауруларды анықтау және емдеу тәсілдерін талқылайды.
Қызығушылық танытқан қазақстандық, алыс және жақын шетелдік мамандарды, сонымен қатар денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушыларды конференцияға қатысуға шақырамыз.
Іс-шараға оффлайн қатысу үшін https://medq.kz/events/2722 сілтемесі арқылы тіркелу қажет. Орындар саны шектеулі екенін ескертеміз. Онлайн қатысушылар санына шектеу жоқ.