Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Абай облысында 16 күрделі операция жасады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Абай облысында 16 күрделі операция жасады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Абай облысында 16 күрделі операция жасады ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Абай облысында 16 күрделі операция жасады ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Абай облысында 16 күрделі операция жасады ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Абай облысында 16 күрделі операция жасады ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Абай облысында 16 күрделі операция жасады ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Абай облысында 16 күрделі операция жасады

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының Абай облысындағы күндері» аясында Аурухана дәрігерлері 16 күрделі операцияны сәтті жасады, 119 дәрігерлік кеңес беріп, 537 медицина қызметкеріне 11 дәріс оқыды.

Атап айтсақ, Аурухананың жоғары санатты нейрохирург дәрігері облыстың 3 тұрғынына «Ми аневризмасындағы ағынды өзгертетін стентті орнату» және «Мидағы ісікті эмболизациялау» күрделі операциясын жасады. Ал Аурухананың бас аритмологі ишемиялық кардиомиопатиясы бар пациенттің кенеттен жүрегі тоқтап қалуының алдын алу үшін екі камералы кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялады. Сонымен қатар травматолог-ортопед иық буыныныңжауырын асты бұлшықеті, қалқан үсті және қалқан асты бұлшықеті жыртылған пациентке иық буындарының артроскопиясы және тізе буынының артроскопиясы операцияларын өткізді. ҚР ПІБ МО ауруханасының рентгенхирург-дәрігері де екі пациентке күрделі операция жасады.

Ерекше айта кететін жағдай, Аурухананың кардиохирург-дәрігері Абай облысында алғаш рет«Жасанды қанайналым жағдайында қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау» операциясын өткізді.

Сонымен қатар Аурухананың нейрохирург дәрігері – 20, аритмолог – 15, рентгенхирург – 2, гастроэнтеролог – 40, травматолог-ортопед – 30, реабилитолог-дәрігер – 4, эпилептолог – 8 пациентті қабылдап, жалпы саны 119 тұрғынға сырқатына байланысты дәрігерлік кеңес берді.

ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті мамандары сондай-ақ өңірдегі әріптестеріне тәжірибесін бөлісіп, презентациялар дайындап, дәріс оқыды.

Атап айтқанда Рентген-хирургия бөлімінің меңгерушісі «Механикалық сарғаю және жеделхолецистит кезінде тері арқылы араласудың  әдістері» тақырыбында, анестезиолог-реаниматолог дәрігері «Сепсис, заманауи ұсыныстарға шолу» тақырыбында дәріс оқыды. Ядролық медицина қызметкерлеріне «GMP жағдайында радиофармпрепараттар өндірісін ұйымдастыру» және «Жаңа радиофармпрепараттармен онкологияны диагностикалаудағы ПЭТ/КТ мүмкіндіктері»тақырыбында лекция ұйымдастырылды. Бұдан өзге де мамандар өзекті тақырыптарды қамтып дәріс оқып, презентация дайындады. Оған өңірдегіжалпы саны 537 медицина қызметкері қатысты.